<?xml version="1.0" encoding="utf-8"?>
<page xmlns="http://projectmallard.org/1.0/" type="topic" style="problem" id="power-willnotturnon" xml:lang="kk">
<info>
<link type="guide" xref="power#problems"/>
<link type="guide" xref="hardware-problems-graphics" group="#last"/>
<revision pkgversion="3.4.0" date="2012-02-20" status="review"/>
<revision pkgversion="3.18" date="2015-09-28" status="final"/>
<desc>Бос кабельдер және аппараттық қамтама мәселелері ықтимал себептер болуы мүмкін.</desc>
<credit type="author">
<name>GNOME құжаттама жобасы</name>
<email>gnome-doc-list@gnome.org</email>
</credit>
<include xmlns="http://www.w3.org/2001/XInclude" href="legal.xml"/>
</info>
Компьютеріңіздің қосылмауының бірнеше себебі болуы мүмкін. Бұл тақырып кейбір ықтимал себептерге қысқаша шолу жасайды.
Компьютердің қуат кабельдері нық жалғанғанына және розеткалардың іске қосылғанына көз жеткізіңіз. Монитордың да желіге қосылғанына және іске қосылғанына көз жеткізіңіз. Егер сізде ноутбук болса, зарядтау кабелін жалғаңыз (батареясы таусылып қалған жағдайда). Сондай-ақ, егер батарея алынбалы болса, оның орнына дұрыс салынғанын тексергіңіз келуі мүмкін (ноутбуктің астыңғы жағын тексеріңіз).
Компьютеріңіздің құрамдас бөлігі бұзылған немесе дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін. Егер солай болса, компьютеріңізді жөндету керек болады. Жиі кездесетін ақауларға бұзылған қуат беру блогы, дұрыс орнатылмаған құрамдас бөліктер (мысалы, жад немесе RAM) және ақаулы аналық плата жатады.
Егер компьютерді қосқан кезде ол бірнеше рет дыбыстық сигнал беріп, содан кейін сөніп қалса (немесе іске қосылмаса), бұл оның мәселе анықтағанын білдіруі мүмкін. Бұл сигналдар кейде дыбыстық кодтар деп аталады және дыбыстық сигналдардың жиынтығы компьютерде қандай мәселе бар екенін білдіруге арналған. Әртүрлі өндірушілер әртүрлі дыбыстық кодтарды пайдаланады, сондықтан компьютеріңіздің аналық платасының нұсқаулығымен танысуыңыз немесе компьютеріңізді жөндеуге апаруыңыз керек.
Ең алдымен монитордың желіге қосылғанына және іске қосылғанына көз жеткізу керек.
Бұл мәселе аппараттық қамтама ақауына да байланысты болуы мүмкін. Қуат батырмасын басқан кезде желдеткіштер іске қосылуы мүмкін, бірақ компьютердің басқа маңызды бөліктері іске қосылмауы мүмкін. Бұл жағдайда компьютеріңізді жөндеуге апарыңыз.
</page>