<?xml version="1.0" encoding="utf-8"?>
<page xmlns="http://projectmallard.org/1.0/" type="topic" style="task" id="disk-resize" xml:lang="kk">
<info>
<link type="guide" xref="disk"/>
<credit type="author">
<name>GNOME құжаттама жобасы</name>
<email>gnome-doc-list@gnome.org</email>
</credit>
<revision pkgversion="3.25.90" date="2017-08-17" status="review"/>
<desc>Файлдық жүйенің және оның бөлімінің өлшемін кішірейту немесе үлкейту.</desc>
<include xmlns="http://www.w3.org/2001/XInclude" href="legal.xml"/>
</info>
Файлдық жүйені оның бөлімінен кейінгі бос орынды пайдалану үшін үлкейтуге болады. Көбінесе бұл файлдық жүйе тіркеліп тұрған кезде де мүмкін болады.
Файлдық жүйеден кейін басқа бөлім үшін орын босату үшін, оны ішіндегі бос орынға сәйкес кішірейтуге болады.
Барлық файлдық жүйелер өлшемін өзгертуді қолдамайды.
Бөлім өлшемі файлдық жүйе өлшемімен бірге өзгереді. Сондай-ақ файлдық жүйесі жоқ бөлімнің өлшемін де дәл осылай өзгертуге болады.
<steps>
<item>
<gui>Белсенділіктер</gui> көрінісінен <app>Дискілер</app> қолданбасын ашыңыз.
</item>
<item>
Сол жақтағы сақтау құрылғыларының тізімінен қарастырылып отырған файлдық жүйесі бар дискіні таңдаңыз. Егер дискіде бірнеше том болса, файлдық жүйесі бар томды таңдаңыз.
</item>
<item>
<gui>Томдар</gui> бөлімінің астындағы саймандар панелінде мәзір батырмасын шертіңіз. Содан кейін <gui>Файлдық жүйенің өлшемін өзгерту…</gui> немесе файлдық жүйе болмаса, <gui>Өлшемін өзгерту…</gui> пәрменін шертіңіз.
</item>
<item>
Жаңа өлшемді таңдауға болатын сұхбат терезесі ашылады. Файлдық жүйе ағымдағы мазмұн көлеміне қарай минималды өлшемді есептеу үшін тіркеледі. Егер кішірейту қолданылмаса, минималды өлшем ағымдағы өлшем болып табылады. Жүйенің жылдам және сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін кішірейту кезінде файлдық жүйе ішінде жеткілікті орын қалдырыңыз.
Кішірейтілген бөліктен қанша деректі көшіру керектігіне байланысты файлдық жүйенің өлшемін өзгерту ұзақ уақыт алуы мүмкін.
<note style="warning">
Файлдық жүйенің өлшемін өзгерту автоматты түрде файлдық жүйені <link xref="disk-repair">жөндеуді</link> қамтиды. Сондықтан жұмысты бастамас бұрын маңызды деректердің резервтік көшірмесін жасау ұсынылады. Әрекетті тоқтатуға болмайды, әйтпесе бұл файлдық жүйенің зақымдалуына әкеледі.
</note>
</item>
<item>
<gui style="button">Өлшемін өзгерту</gui> батырмасын шерту арқылы әрекетті бастауды растаңыз.
Егер тіркелген файлдық жүйенің өлшемін өзгертуге қолдау көрсетілмесе, әрекет файлдық жүйені тіркеуден шығарады. Файлдық жүйенің өлшемі өзгертіліп жатқанда күте тұрыңыз.
</item>
<item>
Қажетті өлшемді өзгерту және жөндеу әрекеттері аяқталғаннан кейін файлдық жүйе қайтадан пайдалануға дайын болады.
</item>
</steps>
</page>