<?xml version="1.0" encoding="utf-8"?>
<page xmlns="http://projectmallard.org/1.0/" type="topic" style="problem" id="power-suspendfail" xml:lang="kk">
<info>
<link type="guide" xref="power#problems"/>
<link type="guide" xref="hardware-problems-graphics"/>
<link type="seealso" xref="hardware-driver"/>
<revision pkgversion="3.4.0" date="2012-02-20" status="review"/>
<revision pkgversion="3.18" date="2015-09-28" status="final"/>
<desc>Кейбір компьютер жабдықтары күту режимінде мәселелер тудырады.</desc>
<credit type="author">
<name>GNOME құжаттама жобасы</name>
<email>gnome-doc-list@gnome.org</email>
</credit>
<credit type="author">
<name>Ekaterina Gerasimova</name>
<email>kittykat3756@gmail.com</email>
</credit>
<include xmlns="http://www.w3.org/2001/XInclude" href="legal.xml"/>
</info>
Егер сіз компьютеріңізді <link xref="power-suspend">күту режиміне</link> өткізіп, содан кейін оны оятуға тырыссаңыз, оның сіз күткендей жұмыс істемейтінін байқауыңыз мүмкін. Бұл күту режимінің жабдығыңыз тарапынан дұрыс қолдау таппағандығынан болуы мүмкін.
Егер сіз компьютеріңізді күту режиміне өткізіп, содан кейін пернені бассаңыз немесе тышқанды шертсеңіз, ол оянып, пароль сұрайтын экранды көрсетуі керек. Егер бұл орын алмаса, қуат батырмасын басып көріңіз (оны ұстап тұрмаңыз, тек бір рет басыңыз).
Егер бұл әлі де көмектеспесе, компьютер мониторының қосулы екеніне көз жеткізіп, пернетақтадағы пернені қайтадан басып көріңіз.
Соңғы шара ретінде, қуат батырмасын 5-10 секунд бойы басып тұру арқылы компьютерді сөндіріңіз, бірақ бұл ретте сақталмаған жұмыстар жоғалады. Осыдан кейін компьютерді қайта қосуға болады.
Егер бұл сіз компьютерді күту режиміне өткізген сайын орын алса, күту режимі мүмкіндігі жабдығыңызбен жұмыс істемеуі мүмкін.
<note style="warning">
Егер компьютер қуаттан ажыратылса және оның баламалы қуат көзі (мысалы, жұмыс істеп тұрған батарея) болмаса, ол сөніп қалады.
</note>
Егер сіз компьютерді күту режиміне өткізіп, содан кейін оны қайта оятсаңыз, интернет қосылымының, тышқанның немесе басқа құрылғының дұрыс жұмыс істемейтінін байқауыңыз мүмкін. Бұл құрылғыға арналған драйвердің күту режимін дұрыс қолдамауынан болуы мүмкін. Бұл құрылғының өзінде емес, <link xref="hardware-driver">драйвердегі мәселе</link>.
Егер құрылғының қуат ауыстырып-қосқышы болса, оны сөндіріп, қайта қосып көріңіз. Көптеген жағдайларда құрылғы қайта жұмыс істей бастайды. Егер ол USB кабелі немесе соған ұқсас нәрсе арқылы қосылса, құрылғыны ажыратып, содан кейін оны қайта қосып, жұмыс істейтінін тексеріңіз.
Егер құрылғыны сөндіре немесе ажырата алмасаңыз, немесе бұл көмектеспесе, құрылғы жұмысын бастауы үшін компьютерді қайта іске қосу қажет болуы мүмкін.
</page>