<?xml version="1.0" encoding="utf-8"?>
<page xmlns="http://projectmallard.org/1.0/" xmlns:its="http://www.w3.org/2005/11/its" xmlns:itst="http://itstool.org/extensions/" type="topic" style="task" id="nautilus-file-properties-permissions" xml:lang="kk">
<info>
<its:rules xmlns:xlink="http://www.w3.org/1999/xlink" version="1.0" xlink:type="simple" xlink:href="gnome-help.its"/>
<link type="guide" xref="files#faq"/>
<link type="seealso" xref="nautilus-file-properties-basic"/>
<revision pkgversion="3.6.0" version="0.2" date="2012-09-28" status="review"/>
<revision version="gnome:46" date="2024-03-05" status="review"/>
<credit type="author">
<name>Tiffany Antopolski</name>
<email>tiffany@antopolski.com</email>
</credit>
<credit type="author">
<name>Shaun McCance</name>
<email>shaunm@gnome.org</email>
</credit>
<credit type="editor">
<name>Michael Hill</name>
<email>mdhillca@gmail.com</email>
</credit>
<include xmlns="http://www.w3.org/2001/XInclude" href="legal.xml"/>
<desc>Файлдарыңыз бен бумаларыңызды кім көре алатынын және түзете алатынын басқару.</desc>
</info>
Өзіңізге тиесілі файлдарды кім көре алатынын және түзете алатынын басқару үшін файл рұқсаттарын пайдалануға болады. Файл рұқсаттарын қарау және орнату үшін оны оң жақ батырмамен шертіп, <gui>Қсиеттері</gui> опциясын, содан кейін <gui>Рұқсаттар</gui> бетін таңдаңыз.
Орнатуға болатын рұқсат түрлері туралы мәліметтерді төмендегі <link xref="#files"/> және <link xref="#folders"/> бөлімдерінен қараңыз.
Файл иесі, топ иесі және жүйенің барлық басқа пайдаланушылары үшін рұқсаттарды орнатуға болады. Файлдарыңыз үшін сіз иесі болып табыласыз және өзіңізге тек оқу немесе оқу мен жазу рұқсатын бере аласыз. Файлды кездейсоқ өзгерткіңіз келмесе, оны тек оқу үшін орнатыңыз.
Компьютеріңіздегі әрбір пайдаланушы бір топқа жатады. Үй компьютерлерінде әрбір пайдаланушының жеке тобы болуы жиі кездеседі және топтық рұқсаттар жиі қолданылмайды. Корпоративтік ортада топтар кейде бөлімдер немесе жобалар үшін пайдаланылады. Иесі болумен қатар, әрбір файл белгілі бір топқа жатады. Файл тобын орнатуға және сол топтағы барлық пайдаланушылар үшін рұқсаттарды басқаруға болады. Файл тобын тек өзіңіз жататын топқа ғана орната аласыз.
Сондай-ақ иесінен және файл тобындағылардан басқа пайдаланушылар үшін рұқсаттарды орнатуға болады.
Егер файл скрипт сияқты бағдарлама болса, оны орындау үшін <gui>Бағдарлама ретінде орындалатын</gui> ауыстырып-қосқышын қосу керек. Осы опция таңдалған болса да, файл менеджері файлды қолданбада ашады. Қосымша ақпаратты <link xref="nautilus-behavior#executable"/> бөлімінен қараңыз.
Иесі, тобы және басқа пайдаланушылар үшін бумаларға рұқсаттар орнатуға болады. Иелері, топтары және басқа пайдаланушылар туралы түсініктеме алу үшін жоғарыдағы файл рұқсаттарының мәліметтерін қараңыз.
Бума үшін орнатуға болатын рұқсаттар файл үшін орнатуға болатын рұқсаттардан ерекшеленеді.
<terms>
<item>
Пайдаланушы бумада қандай файлдар бар екенін де көре алмайды.
</item>
<item>
Пайдаланушы бумада қандай файлдар бар екенін көре алады, бірақ файлдарды аша, жасай немесе өшіре алмайды.
</item>
<item>
Пайдаланушы бумадағы файлдарды аша алады (егер оған нақты файл үшін рұқсаты болса), бірақ жаңа файлдарды жасай немесе файлдарды өшіре алмайды.
</item>
<item>
Пайдаланушы бумаға толық қол жеткізе алады, соның ішінде файлдарды ашу, жасау және өшіру.
</item>
</terms>
Сондай-ақ, <gui>Ішіндегі файлдар үшін рұқсаттарды өзгерту…</gui> батырмасын шерту арқылы бумадағы барлық файлдар үшін файл рұқсаттарын жылдам орнатуға болады. Ішіндегі файлдардың немесе бумалардың рұқсаттарын реттеу үшін ашылмалы тізімдерді пайдаланыңыз және <gui>Өзгерту</gui> батырмасын шертіңіз. Рұқсаттар ішкі бумалардағы файлдар мен бумаларға да кез келген тереңдікте қолданылады.
</page>