<?xml version="1.0" encoding="utf-8"?>
<page xmlns="http://projectmallard.org/1.0/" type="topic" style="task" id="disk-format" xml:lang="kk">
<info>
<link type="guide" xref="disk"/>
<credit type="author">
<name>GNOME құжаттама жобасы</name>
<email>gnome-doc-list@gnome.org</email>
</credit>
<revision pkgversion="3.4.0" date="2012-02-19" status="review"/>
<revision pkgversion="3.13.91" date="2014-09-05" status="review"/>
<revision pkgversion="3.37.2" date="2020-08-13" status="review"/>
<desc>Сыртқы қатты дисктен немесе USB флеш-жинақтағышынан барлық файлдар мен бумаларды пішімдеу арқылы өшіру.</desc>
<include xmlns="http://www.w3.org/2001/XInclude" href="legal.xml"/>
</info>
Егер сізде USB флеш-жинақтағышы немесе сыртқы қатты диск сияқты ауыстырмалы диск болса, кейде ондағы барлық файлдар мен бумаларды толығымен өшіргіңіз келуі мүмкін. Оны дискіні пішімдеу арқылы жасауға болады — бұл дискідегі барлық файлдарды өшіріп, оны бос қалдырады.
<steps>
<item>
<gui>Белсенділіктер</gui> көрінісінен <app>Дискілер</app> қолданбасын ашыңыз.
</item>
<item>
Сол жақтағы сақтау құрылғыларының тізімінен тазалағыңыз келетін дискіні таңдаңыз.
<note style="warning">
Дұрыс дискіні таңдағаныңызға көз жеткізіңіз! Қате дискіні таңдасаңыз, басқа дискідегі барлық файлдар өшіріледі!
</note>
</item>
<item>
<gui>Томдар</gui> бөлімінің астындағы саймандар панелінде мәзір батырмасын шертіңіз. Содан кейін <gui>Бөлімді пішімдеу…</gui> опциясын шертіңіз.
</item>
<item>
Пайда болған терезеде диск үшін файлдық жүйе <gui>Түрін</gui> таңдаңыз.
Егер дискіні Linux-тен бөлек Windows және Mac OS компьютерлерінде де қолдансаңыз, <gui>FAT</gui> таңдаңыз. Тек Windows-та қолдансаңыз, <gui>NTFS</gui> жақсырақ опция болуы мүмкін. Файлдық жүйе түрінің қысқаша сипаттамасы белгі ретінде көрсетіледі.
</item>
<item>
Дискіге атау беріп, жалғастыру үшін <gui>Келесі</gui> батырмасын шертіңіз, сонда растау терезесі көрсетіледі. Мәліметтерді мұқият тексеріп, дискіні тазалау үшін <gui>Пішімдеу</gui> батырмасын шертіңіз.
</item>
<item>
Пішімдеу аяқталған соң, дискіні қауіпсіз шығару үшін шығару таңбашасын шертіңіз. Ол енді бос және қайта қолдануға дайын болуы тиіс.
</item>
</steps>
<note style="warning">
Дискіні пішімдеу — ондағы барлық деректерді өшірудің толықтай қауіпсіз жолы емес. Пішімделген дискіде файлдар жоқ болып көрінуі мүмкін, бірақ арнайы қалпына келтіру бағдарламалық қамтамасы файлдарды қайтара алуы мүмкін. Егер файлдарды қауіпсіз өшіру керек болса, сізге <app>shred</app> сияқты командалық жол утилитасын пайдалану керек болады.
</note>
</page>