<?xml version="1.0" encoding="utf-8"?>
<page xmlns="http://projectmallard.org/1.0/" type="topic" style="task" id="privacy-screen-lock" xml:lang="kk">
<info>
<link type="guide" xref="privacy"/>
<link type="seealso" xref="session-screenlocks"/>
<link type="seealso" xref="shell-exit#lock-screen"/>
<revision pkgversion="3.8" date="2013-05-21" status="candidate"/>
<revision pkgversion="3.12" date="2014-03-23" status="candidate"/>
<revision pkgversion="3.14" date="2014-10-12" status="candidate"/>
<revision pkgversion="3.18" date="2015-09-30" status="final"/>
<revision pkgversion="3.33.3" date="2019-07-21" status="final"/>
<revision pkgversion="3.38.1" date="2020-11-22" status="final"/>
<revision pkgversion="3.38.4" date="2020-03-07" status="final"/>
<revision version="gnome:46" status="final" date="2024-03-02"/>
<credit type="author">
<name>Shaun McCance</name>
<email>shaunm@gnome.org</email>
</credit>
<credit type="editor">
<name>Michael Hill</name>
<email>mdhillca@gmail.com</email>
</credit>
<credit>
<name>Джим Кэмпбелл</name>
<email>jwcampbell@gmail.com</email>
<years>2013</years>
</credit>
<include xmlns="http://www.w3.org/2001/XInclude" href="legal.xml"/>
<desc>Компьютерден алыстағанда басқа адамдардың жұмыс үстеліңізді пайдалануына жол бермеңіз.</desc>
</info>
Компьютеріңізден кеткенде, басқа адамдардың жұмыс үстеліңізді пайдалануына және файлдарыңызға қол жеткізуіне жол бермеу үшін <link xref="shell-exit#lock-screen">экранды құлыптау</link> керек. Егер кейде экранды құлыптауды ұмытып кетсеңіз, белгілі бір уақыттан кейін компьютер экранының автоматты түрде құлыпталғанын қалауыңыз мүмкін. Бұл компьютерді пайдаланбаған кезде оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі.
<note>
Экран құлыпталған кезде қолданбаларыңыз бен жүйелік процестер жұмысын жалғастыра береді, бірақ оларды қайта пайдалану үшін парольді енгізуіңіз керек болады.
</note>
<steps>
<item>
<gui xref="shell-introduction#activities">Іс-әрекеттер</gui> шолуын ашып, <gui>Жекелік және қауіпсіздік</gui> деп тере бастаңыз.
</item>
<item>
Нәтижелерден <guiseq><gui>Баптаулар</gui><gui>Жекелік және қауіпсіздік</gui></guiseq> таңдаңыз. Бұл <gui>Жекелік және қауіпсіздік</gui> панелін ашады.
</item>
<item>
Панельді ашу үшін <gui>Экранды құлыптау</gui> таңдаңыз.
</item>
<item>
<gui>Экранды автоматты түрде құлыптау</gui> қосулы екеніне көз жеткізіңіз, содан кейін <gui>Экранды автоматты түрде құлыптау кідірісі</gui> ашылмалы тізімінен уақыт ұзақтығын таңдаңыз.
</item>
</steps>
<note style="tip">
Қолданбалар сізге құлыптау экранында көрсетілетін хадарландыруларды жібере алады. Бұл, мысалы, экранды құлыптан босатпай-ақ электрондық поштаңыз бар-жоғын көру үшін ыңғайлы. Егер бұл хабарландыруларды басқа адамдардың көргеніне алаңдасаңыз, <gui>Құлыптау экранындағы хабарландырулар</gui> опциясын сөндіріңіз. Хабарландырудың қосымша баптауларын <link xref="shell-notifications"/> бөлімінен қараңыз.
</note>
Экран құлыпталған кезде және оны ашқыңыз келсе, <key>Esc</key> пернесін басыңыз немесе тышқанмен экранның төменгі жағынан жоғары қарай сырғытыңыз. Содан кейін парольді енгізіп, <key>Enter</key> пернесін басыңыз немесе <gui>Құлпын ашу</gui> батырмасын шертіңіз. Сонымен қатар, жай ғана парольді тере бастасаңыз болады, теру кезінде құлыптау шымылдығы автоматты түрде көтеріледі.
</page>