<?xml version="1.0" encoding="utf-8"?>
<page xmlns="http://projectmallard.org/1.0/" xmlns:its="http://www.w3.org/2005/11/its" type="topic" style="task" id="gsettings-browse" xml:lang="kk">
<info>
<link type="guide" xref="setup"/>
<link type="seealso" xref="dconf"/>
<link type="seealso" xref="overrides"/>
<revision pkgversion="3.30" date="2019-02-08" status="draft"/>
<credit type="author copyright">
<name>Matthias Clasen</name>
<email>matthias.clasen@gmail.com</email>
<years>2012</years>
</credit>
<credit type="author copyright">
<name>Jim Campbell</name>
<email>jwcampbell@gmail.com</email>
<years>2012</years>
</credit>
<credit type="editor">
<name>Petr Kovar</name>
<email>pknbe@volny.cz</email>
<years>2019</years>
</credit>
<include xmlns="http://www.w3.org/2001/XInclude" href="legal.xml"/>
<desc>Жүйелік және қолданба баптауларын зерттеу үшін қандай сайманды пайдалануға болады?</desc>
</info>
GSettings мәндері ретінде сақталған жүйелік және қолданба қалауларын шолу үшін екі сайманды пайдалануға болады: <app>dconf-editor</app> графикалық утилитасы және <cmd>gsettings</cmd> командалық жол утилитасы.
<app>dconf-editor</app> және <cmd>gsettings</cmd> екеуі де ағымдағы пайдаланушы үшін қалауларды өзгертуге мүмкіндік береді.
<note style="warning">
Бұл саймандар әрқашан ағымдағы пайдаланушының GSettings дерекқорын пайдаланып жұмыс істейтінін ескеріңіз, сондықтан бұл қолданбаларды root ретінде іске қоспау керек.
Кез келген өзгертулер жасау үшін <app>dconf-editor</app> және <cmd>gsettings</cmd> екеуіне де D-Bus сессия шинасы қажет. Себебі <sys>dconf</sys> қызметі D-Bus арқылы іске қосылуы керек.
Қажетті сессия шинасын <cmd>gsettings</cmd> командасын <sys>dbus-launch</sys> утилитасы арқылы келесідей іске қосу арқылы алуға болады:
<screen><output>$ </output>dbus-launch gsettings set org.gnome.desktop.background draw-background true</screen>
</note>
Егер сіз қолданбадағы қолжетімді опциялармен таныс болмасаңыз, <app>dconf-editor</app> құралын пайдалану ыңғайлырақ болуы мүмкін. Ол баптаулардың иерархиясын ағаш көрінісінде көрсетеді, сонымен қатар әрбір баптау туралы қосымша ақпаратты, соның ішінде сипаттамасын, түрін және үнсіз келісім мәнін көрсетеді.
<cmd>gsettings</cmd> құралы <app>dconf-editor</app>-дан қуаттырақ. <cmd>gsettings</cmd> үшін Bash автотолықтыруы қарастырылған және автоматтандырылған конфигурация үшін <cmd>gsettings</cmd> командаларын қамтитын скрипттер жазуға болады.
<cmd>gsettings</cmd> опцияларының толық тізімін <link its:translate="no" href="man:gsettings"><cmd>gsettings</cmd>(1)</link> man бетінен қараңыз.
</page>