<?xml version="1.0" encoding="utf-8"?>
<page xmlns="http://projectmallard.org/1.0/" xmlns:its="http://www.w3.org/2005/11/its" type="topic" style="task" id="net-wireless-troubleshooting-initial-check" xml:lang="kk">
<info>
<link type="next" xref="net-wireless-troubleshooting-hardware-info"/>
<link type="guide" xref="net-wireless-troubleshooting"/>
<revision pkgversion="3.4.0" date="2012-03-05" status="outdated"/>
<revision pkgversion="3.10" date="2013-11-10" status="review"/>
<revision pkgversion="3.18" date="2015-09-28" status="final"/>
<revision pkgversion="3.33.3" date="2019-07-21" status="final"/>
<credit type="author">
<name>Ubuntu құжаттама викиіне үлес қосушылар</name>
</credit>
<credit type="author">
<name>GNOME құжаттама жобасы</name>
<email>gnome-doc-list@gnome.org</email>
</credit>
<include xmlns="http://www.w3.org/2001/XInclude" href="legal.xml"/>
<desc>Қарапайым желі баптауларының дұрыс екеніне көз жеткізіңіз және ақауларды жоюдың келесі бірнеше қадамына дайындалыңыз.</desc>
</info>
<subtitle>Бастапқы қосылымды тексеруді орындау</subtitle>
Бұл қадамда сымсыз желі байланысы туралы кейбір негізгі ақпаратты тексересіз. Бұл желілік мәселеңіздің сымсыз байланыстың сөндірілуі сияқты салыстырмалы түрде қарапайым мәселеден туындамағанына көз жеткізу және ақауларды жоюдың келесі бірнеше қадамына дайындалу үшін қажет.
<steps>
<item>
Ноутбугіңіздің сымды интернет қосылымына қосылмағанына көз жеткізіңіз.
</item>
<item>
Егер сізде сыртқы сымсыз адаптер болса (мысалы, USB адаптері немесе ноутбугіңізге қосылатын PCMCIA картасы), оның компьютердегі тиісті слотқа нық салынғанына көз жеткізіңіз.
</item>
<item>
Егер сымсыз картаңыз компьютердің ішінде болса, сымсыз желі ажыратқышы қосулы екеніне көз жеткізіңіз (егер ол бар болса). Ноутбуктерде жиі пернетақта пернелерінің комбинациясын басу арқылы ауыстыруға болатын сымсыз желі ажыратқыштары болады.
</item>
<item>
Жоғарғы панельдің оң жағынан <gui xref="shell-introduction#systemmenu">жүйелік мәзірді</gui> ашып, Wi-Fi желісін таңдаңыз, содан кейін <gui>Wi-Fi баптаулары</gui> тармағын таңдаңыз. <gui>Wi-Fi</gui> ажыратқышы қосулы екеніне көз жеткізіңіз. Сондай-ақ <link xref="net-wireless-airplane">Ұшақ режимі</link> қосулы емес екенін тексеруіңіз керек.
</item>
<item>
Терминалды ашып, <cmd>nmcli device</cmd> командасын теріңіз және <key>Enter</key> пернесін басыңыз.
Бұл сіздің желілік интерфейстеріңіз бен қосылым күйі туралы ақпаратты көрсетеді. Ақпарат тізімін төмен қарап, сымсыз желі адаптеріне қатысты элементтің бар-жоғын тексеріңіз. Егер күйі connected болса, бұл адаптердің жұмыс істеп тұрғанын және сымсыз роутерге қосылғанын білдіреді.
</item>
</steps>
Егер сіз сымсыз роутерге қосылған болсаңыз, бірақ әлі де интернетке қол жеткізу мүмкін болмаса, роутеріңіз дұрыс бапталмаған болуы мүмкін немесе интернет қызметін берушіде (ISP) техникалық мәселелер туындаған болуы мүмкін. Параметрлердің дұрыстығына көз жеткізіңіз үшін роутер мен ISP орнату нұсқаулықтарын қарап шығыңыз немесе қолдау алу үшін ISP-ге хабарласыңыз.
Егер <cmd>nmcli device</cmd> командасынан алынған ақпарат желіге қосылғаныңызды көрсетпесе, ақаулықтарды жою нұсқаулығының келесі бөліміне өту үшін <gui>Келесі</gui> батырмасын шертіңіз.
</page>