<?xml version="1.0" encoding="utf-8"?>
<page xmlns="http://projectmallard.org/1.0/" type="topic" style="problem" id="sound-crackle" xml:lang="kk">
<info>
<link type="guide" xref="sound-broken"/>
<revision pkgversion="3.4.0" date="2012-02-19" status="outdated"/>
<revision pkgversion="3.13.92" date="2014-09-22" status="review"/>
<revision pkgversion="3.18" date="2015-09-29" status="final"/>
<credit type="author">
<name>GNOME құжаттама жобасы</name>
<email>gnome-doc-list@gnome.org</email>
</credit>
<include xmlns="http://www.w3.org/2001/XInclude" href="legal.xml"/>
<desc>Аудио кабельдерді және дыбыстық карта драйверлерін тексеріңіз.</desc>
</info>
Егер компьютеріңізде дыбыс ойнатылып жатқанда сытыр немесе ызың естісеңіз, аудио кабельдерде немесе байланыстыратын сызықтарда мәселе болуы мүмкін немесе дыбыстық карта драйверлерінде мәселе болуы мүмкін.
<list>
<item>
Динамиктердің дұрыс қосылғанын тексеріңіз.
Егер динамиктер толық қосылмаса немесе қате ұяшыққа қосылса, ызыңдаған дыбыс естілуі мүмкін.
</item>
<item>
Динамик/құлаққап кабелінің зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
Аудио кабельдер мен байланыстыратын сызықтар қолдану барысында бірте-бірте тозуы мүмкін. Сытырлаған дыбыстың әлі де бар-жоғын тексеру үшін кабельді немесе құлаққапты басқа аудио құрылғыға (мысалы, MP3 ойнатқышы немесе CD ойнатқышы) қосып көріңіз. Егер ол сақталса, кабельді немесе құлаққапты ауыстыру қажет болуы мүмкін.
</item>
<item>
Дыбыстық драйверлердің нашар еместігін тексеріңіз.
Кейбір дыбыстық карталар Linux жүйесінде жақсы жұмыс істемейді, себебі олардың драйверлері онша жақсы емес. Бұл мәселені анықтау қиынырақ. Басқа адамдарда да осындай мәселе бар-жоғын білу үшін интернеттен дыбыстық картаңыздың өндірушісі мен моделін және «Linux» іздеу терминін жазып іздеп көріңіз.
Дыбыстық картаңыз туралы көбірек ақпарат алу үшін <cmd>lspci</cmd> командасын пайдалануға болады.
</item>
</list>
</page>