<?xml version="1.0" encoding="utf-8"?>
<page xmlns="http://projectmallard.org/1.0/" type="topic" id="preferences_text_attributes" xml:lang="kk">
<info>
<link type="guide" xref="preferences#orca"/>
<link type="next" xref="preferences_web"/>
<link type="seealso" xref="howto_text_attributes"/>
<desc>Қандай пішімдеудің көрсетілетінін теңшеу</desc>
<credit type="author">
<name>Joanmarie Diggs</name>
<email>joanied@gnome.org</email>
</credit>
<license>
Creative Commons Share Alike 3.0
</license>
</info>
"Мәтін атрибуттары" термині берілген таңбамен немесе таңбалар сериясымен байланысты барлық қаріпке, стильге, туралауға және басқа пішімдеуге қатысты. <app>Orca</app>-ның <gui>Мәтін атрибуттары</gui> беті <app>Orca</app>-ның сөйлеуде қай мәтін атрибуттарын көрсететінін, олардың көрсетілу ретін және <app>Orca</app>-ның Брайль дисплейінде қайсысын көрсететінін теңшеуге мүмкіндік береді.
Мәтін атрибуттары кестесі — бұл қай атрибуттардың көрсетілетінін және көрсетілмейтінін және қандай жағдайларда болатынын көрсететін жер. Әрбір жол төрт бағаннан тұрады.
<list>
<item>
<gui>Атрибут аты</gui>: Мәтін атрибутының аты.
</item>
<item>
<gui>Дыбыстау</gui>: Егер <keyseq><key>Orca модификаторы</key><key>F</key></keyseq> пернелерін басқанда <app>Orca</app>-ның осы атрибутты дыбыстағанын қаласаңыз, осы жалаушаны белгілеңіз.
</item>
<item>
<gui>Брайльде белгілеу</gui>: Егер <app>Orca</app>-ның Брайль дисплейінде осы атрибуттың "астын сызғанын" қаласаңыз, осы жалаушаны белгілеңіз.
</item>
<item>
<gui>Көрсетпеу, егер</gui>: Бұл өңделетін өріс іске қосылған атрибуттың қашан қызықтырмайтынын көрсетуге мүмкіндік береді.
Мысалы, әдепкі бойынша "астын сызу" мәтін атрибутының мәні "жоқ" болып табылады. Бұл <app>Orca</app>-ға мәтін іс жүзінде асты сызылған болса ғана асты сызылған мәтін туралы хабарлауға мәжбүр етеді. Егер сіз бұл атрибуттың мәтін асты сызылған-сызылмағанына қарамастан әрқашан дыбысталуын қаласаңыз, астын сызу үшін <gui>Көрсетпеу, егер</gui> бағаны бос болуы керек. Сонымен қатар, астын сызу үшін <gui>Дыбыстау</gui> бағанының белгіленгеніне көз жеткізу керек.
</item>
</list>
Мәтін атрибуттары тізімінің астында <gui>Тастау</gui> батырмасы (<keyseq><key>Alt</key><key>R</key></keyseq>) бар, ол кесте мәндерін сұхбат терезесі алғаш көрсетілген кездегі мәндеріне қайтарады.
<gui>Мәтін атрибуттары</gui> бетін алғаш рет көрсеткенде, барлық іске қосылған атрибуттарыңыз кестенің жоғарғы жағына олардың дыбысталу ретімен орналастырылады. Көрсету ретін қайта реттеу үшін пайдалануға болатын төрт батырма бар.
<list>
<item>
<gui>Үстіне жылжыту</gui> (<keyseq><key>Alt</key><key>T</key></keyseq>): таңдалған атрибутты тізімнің басына жылжытады.
</item>
<item>
<gui>Жоғары жылжыту</gui> (<keyseq><key>Alt</key><key>U</key></keyseq>): таңдалған атрибутты бір жолға жоғары жылжытады.
</item>
<item>
<gui>Төмен жылжыту</gui> (<keyseq><key>Alt</key><key>D</key></keyseq>): таңдалған атрибутты бір жолға төмен жылжытады.
</item>
<item>
<gui>Астына жылжыту</gui> (<keyseq><key>Alt</key><key>B</key></keyseq>): таңдалған атрибутты тізімнің соңына жылжытады.
</item>
</list>
Батырмалардың астында <gui>Брайль индикаторы</gui> радио батырмалар тобы орналасқан. Мұнда көрсетілген атрибуттардың кем дегенде біреуі бар мәтінді көрсету үшін пайдаланылатын ұяшықты немесе ұяшықтарды таңдауға болады.
<list>
<item>
<gui>Жоқ</gui>: Мәтін атрибуттарының астын Брайль дисплейінде сызбау (әдепкі)
</item>
<item>
<gui>7-нүкте</gui>: Мәтін атрибуттарының астын тек 7-нүктемен сызу
</item>
<item>
<gui>8-нүкте</gui>: Мәтін атрибуттарының астын тек 8-нүктемен сызу
</item>
<item>
<gui>7 және 8 нүктелері</gui>: Мәтін атрибуттарының астын 7 және 8 нүктелерімен сызу
</item>
</list>
</page>