<?xml version="1.0" encoding="utf-8"?>
<page xmlns="http://projectmallard.org/1.0/" xmlns:its="http://www.w3.org/2005/11/its" type="topic" style="tip" id="power-batterylife" xml:lang="kk">
<info>
<link type="guide" xref="power"/>
<link type="seealso" xref="power-suspend"/>
<link type="seealso" xref="shell-exit#suspend"/>
<link type="seealso" xref="shell-exit#shutdown"/>
<link type="seealso" xref="display-brightness"/>
<link type="seealso" xref="power-whydim"/>
<revision pkgversion="3.7.1" version="0.2" date="2012-11-16" status="outdated"/>
<revision pkgversion="3.10" date="2013-11-07" status="review"/>
<revision pkgversion="3.18" date="2015-09-28" status="final"/>
<revision pkgversion="3.20" date="2016-06-15" status="final"/>
<revision pkgversion="41" date="2021-09-08" status="final"/>
<credit type="author">
<name>GNOME құжаттама жобасы</name>
<email>gnome-doc-list@gnome.org</email>
</credit>
<credit type="author">
<name>Phil Bull</name>
<email>philbull@gmail.com</email>
</credit>
<credit type="editor">
<name>Ekaterina Gerasimova</name>
<email>kittykat3756@gmail.com</email>
</credit>
<credit type="editor">
<name>Michael Hill</name>
<email>mdhillca@gmail.com</email>
</credit>
<include xmlns="http://www.w3.org/2001/XInclude" href="legal.xml"/>
<desc>Компьютеріңіздің қуат тұтынуын азайту бойынша кеңестер.</desc>
</info>
Компьютерлер көп қуат тұтынуы мүмкін. Кейбір қарапайым энергия үнемдеу стратегияларын пайдалана отырып, сіз электр энергиясы үшін төлемді азайтып, қоршаған ортаға көмектесе аласыз.
<list>
<item>
Компьютерді пайдаланбаған кезде оны <link xref="shell-exit#suspend">күту режиміне қойыңыз</link>. Бұл ол тұтынатын қуат мөлшерін айтарлықтай азайтады және оны тез оятуға болады.
</item>
<item>
Компьютерді ұзақ уақыт пайдаланбайтын болсаңыз, оны <link xref="shell-exit#shutdown">сөндіріңіз</link>. Кейбір адамдар компьютерді жиі сөндіру оның тезірек тозуына әкеледі деп алаңдайды, бірақ бұл олай емес.
</item>
<item>
Қуат баптауларын өзгерту үшін <app>Баптаулар</app> ішіндегі <gui>Қуат</gui> панелін пайдаланыңыз. Қуатты үнемдеуге көмектесетін бірқатар опциялар бар: белгілі бір уақыттан кейін <link xref="display-blank">экранды автоматты түрде тазартуға</link> болады, батарея заряды аз болған кезде <gui>Автоматты <link xref="power-profile">Қуат үнемдеу</link></gui> режимін іске қосуға болады және компьютерді белгілі бір уақыт бойы пайдаланбаған жағдайда <link xref="power-autosuspend">автоматты түрде күту режиміне</link> ауыстыруға болады.
</item>
<item>
<link xref="display-brightness">Экран жарықтығын</link> азайтыңыз.
</item>
<item>
Сыртқы құрылғыларды (мысалы, принтерлер мен сканерлерді) пайдаланбаған кезде сөндіріңіз.
</item>
</list>
<list>
<item>
<link xref="display-brightness">Экран жарықтығын</link> азайтыңыз. Экранды қуаттандыру ноутбуктің қуат тұтынуының айтарлықтай бөлігін құрайды.
Көптеген ноутбуктерде жарықтықты азайту үшін пайдалануға болатын пернетақтадағы батырмалар (немесе пернетақта жарлығы) бар.
</item>
<item>
Егер сізге біраз уақыт интернет қосылымы қажет болмаса, <link xref="power-wireless">сымсыз немесе Bluetooth карталарын сөндіріңіз</link>. Бұл құрылғылар радио толқындарын тарату арқылы жұмыс істейді, бұл айтарлықтай қуатты қажет етеді.
Кейбір компьютерлерде оны сөндіру үшін қолданылатын физикалық ауыстырып-қосқыш бар, ал басқаларында оның орнына қолдануға болатын пернетақта жарлығы бар. Қажет болған кезде оны қайта іске қоса аласыз.
</item>
</list>
<list>
<item>
Фонда орындалып жатқан тапсырмалар санын азайтыңыз. Компьютерлер істейтін жұмысы көбірек болғанда көбірек қуат тұтынады.
Орындалып жатқан қолданбалардың көбі сіз оларды белсенді қолданбаған кезде өте аз жұмыс істейді. Дегенмен, интернеттен деректерді жиі алатын немесе музыка не фильмдер ойнататын қолданбалар қуат тұтынуына әсер етуі мүмкін.
</item>
</list>
</page>