<?xml version="1.0" encoding="utf-8"?>
<page xmlns="http://projectmallard.org/1.0/" xmlns:if="http://projectmallard.org/if/1.0/" xmlns:its="http://www.w3.org/2005/11/its" type="topic" style="ui" version="1.0 if/1.0" id="shell-wellbeing" xml:lang="kk">
<info>
<link type="guide" xref="shell-overview#desktop"/>
<revision pkgversion="48" date="2025-01-30" status="review"/>
<revision pkgversion="48" date="2025-07-28" status="review"/>
<credit type="author">
<name>Philip Withnall</name>
<email>pwithnall@gnome.org</email>
</credit>
<credit type="author">
<name>Дамилола Оладеле</name>
<email>damilolamohammed2@hotmail.com</email>
</credit>
<include xmlns="http://www.w3.org/2001/XInclude" href="legal.xml"/>
<desc>Құрылғыны қанша уақыт пайдаланатыныңызды бақылап, демалыс уақытын жоспарлауға көмектеседі.</desc> </info>
Құрылғыда қанша уақыт өткізетініңізді бақылай аласыз, экран уақытын жазуды іске қосып, күнделікті шектеулерді орната аласыз. Ол үшін келесі қадамдарды орындаңыз:
<steps>
<item>
<gui xref="shell-introduction#activities">Әрекеттер</gui> көрінісін ашып, <gui>Баптаулар</gui> деп теріңіз.
</item>
<item>
<gui>Баптаулар</gui> үстінен шертіңіз.
</item>
<item>
Панельді ашу үшін бүйірлік панельдегі <gui>Әл-ауқат</gui> бөлімін шертіңіз.
</item>
<item>
Экран уақытын жазуды іске қосу үшін <gui>Экран уақыты</gui> астындағы <gui>Іске қосу</gui> батырмасын басыңыз. Егер бетте диаграмма көрініп тұрса, онда экран уақытын жазу әлдеқашан іске қосылған.
</item>
</steps>
Экран уақытын жазу іске қосылғанда, күн сайын құрылғыға кірген уақытыңыз алдыңғы бірнеше апта бойы сақталады. Уақыт диаграммада күндік және апталық орташа көрсеткіштермен бірге көрсетіледі, бұл экран уақытының өзгеруін бақылауға мүмкіндік береді. Өткен апталарды қарау үшін диаграмма астындағы бағдарша батырмаларын пайдаланыңыз және оның деректерін көру үшін әр күннің бағанына шертіңіз.
Экран уақыты туралы деректер осы құрылғыдан тыс жерде немесе басқа пайдаланушылармен бөлісілмейді. Ол бірнеше аптадан кейін немесе экран уақытын жазуды сөндірген кезде автоматты түрде өшіріледі.
Құрылғыны күнделікті пайдалануды шектеу үшін <gui>Экран уақытының шектеуі</gui> опциясын қосып, <gui>Күнделікті шектеу</gui> мәнін орнатыңыз. Шектеуге жеткенде хабарландыру аласыз және экран сұр түске боялады.
Күнделікті шектеуіңіз экран уақытын пайдалану диаграммасында пунктир сызықпен көрсетілген.
Экран уақытын күніне 8 сағатпен шектеу және сол уақыт ішінде дене белсенділігіне уақыт бөлу ұсынылады. Дене белсенділігіне үзіліс жасауды еске салудың бір жолы — <link xref="shell-wellbeing#break-reminders">үзіліс туралы ескертулерді</link> іске қосу.
Экран уақытын жазуды сөндіру үшін экран уақыты диаграммасының үстіндегі <gui>⋮</gui> батырмасын басыңыз, содан кейін <gui>Экран уақытын сөндіру</gui> батырмасын басыңыз. Бұл сонымен қатар экран уақытының шектеулерін де сөндіреді.
Құрылғыны пайдаланудан үзіліс жасауды мерзімді түрде еске салу үшін, келесі қадамдарды орындап, үзіліс туралы ескертулерді іске қосыңыз:
<steps>
<item>
<gui xref="shell-introduction#activities">Әрекеттер</gui> көрінісін ашып, <gui>Баптаулар</gui> деп теріңіз.
</item>
<item>
<gui>Баптаулар</gui> үстінен шертіңіз.
</item>
<item>
Панельді ашу үшін бүйірлік панельдегі <gui>Әл-ауқат</gui> бөлімін шертіңіз.
</item>
<item>
<gui>Көру қабілетін сақтау ескертулері</gui> немесе <gui>Қозғалыс ескертулері</gui> режимін іске қосыңыз.
</item>
</steps>
<gui>Көру қабілетін сақтау ескертулері</gui> немесе <gui>Қозғалыс ескертулері</gui> іске қосылғанда, таңдалған аралықта құрылғыны пайдаланудан үзіліс жасау туралы хабарландыру аласыз.
Шаршағаннан кейін қалпына келгеннен гөрі, шаршағанға дейін демалуға мүмкіндік беретін үзіліс аралықтарын орнату ұсынылады. Жиі үзілістер шаршауды, көздің талуын, қол және арқа ауруларын болдырмауға көмектеседі. Көруге арналған қысқа үзілістер мен қозғалысқа арналған ұзағырақ үзілістер үшін әртүрлі аралықтарды таңдай аласыз.
Көруге арналған үзілістер экраннан көзді тайдырып, басқа нәрсеге назар аударуды еске салады. Олар сондай-ақ көзді жыпылықтатуға, созылуға және қалыпты өзгертуге уақыт бөлуді ескертеді. Қозғалыс үзілістері көбірек қозғалуды еске салады, мысалы, аяқты жазу үшін құрылғыдан толықтай алыстап жүруді.
</page>