<?xml version="1.0" encoding="utf-8"?>
<page xmlns="http://projectmallard.org/1.0/" type="topic" style="question" id="power-batterywindows" xml:lang="kk">

  <info>
    <link type="guide" xref="power#faq"/>
    <link type="seealso" xref="power-batteryestimate"/>
    <link type="seealso" xref="power-batterylife"/>
    <link type="seealso" xref="power-batteryslow"/>

    <revision pkgversion="3.4.0" date="2012-02-19" status="review"/>
    <revision pkgversion="3.18" date="2015-09-28" status="final"/>
    <revision pkgversion="3.20" date="2016-06-15" status="final"/>

    <desc>Өндірушінің баптаулары мен батарея жұмыс уақытының әртүрлі бағалануы бұл мәселеге себеп болуы мүмкін.</desc>
    <credit type="author">
      <name>GNOME құжаттама жобасы</name>
      <email>gnome-doc-list@gnome.org</email>
    </credit>
    <credit type="author">
      <name>Phil Bull</name>
      <email>philbull@gmail.com</email>
    </credit>
    <credit type="editor">
      <name>Michael Hill</name>
      <email>mdhillca@gmail.com</email>
    </credit>

    <include xmlns="http://www.w3.org/2001/XInclude" href="legal.xml"/>
  </info>

<title>Неліктен менде батарея жұмыс уақыты Windows/Mac OS жүйелеріне қарағанда азырақ?</title>

<p>Кейбір компьютерлерде Linux жүйесіндегі батарея жұмыс уақыты Windows немесе Mac OS жүйесіне қарағанда қысқарақ болып көрінуі мүмкін. Оның бір себебі — компьютер өндірушілері Windows/Mac OS үшін белгілі бір компьютер моделіне арналған түрлі жабдық/бағдарламалық қамтама параметрлерін оңтайландыратын арнайы бағдарламалық қамтаны орнатады. Бұл баптаулар көбінесе өте ерекше және құжатталмаған болуы мүмкін, сондықтан оларды Linux жүйесіне қосу қиын.</p>

<p>Өкінішке орай, олардың не екенін нақты білмей, бұл баптауларды өзіңіз іске асырудың оңай жолы жоқ. Дегенмен, кейбір <link xref="power-batterylife">қуат үнемдеу әдістерін</link> қолдану көмектесуі мүмкін. Егер компьютеріңізде <link xref="power-batteryslow">айнымалы жылдамдықты процессор</link> болса, оның параметрлерін өзгерту де пайдалы болуы мүмкін.</p>

<p>Алшақтықтың тағы бір ықтимал себебі — батарея жұмыс уақытын бағалау әдісі Windows/Mac OS жүйелерінде Linux-қа қарағанда өзгеше. Батареяның нақты жұмыс уақыты бірдей болуы мүмкін, бірақ әртүрлі әдістер әртүрлі бағалауларды береді.</p>
	
</page>
