<?xml version="1.0" encoding="utf-8"?>
<page xmlns="http://projectmallard.org/1.0/" xmlns:its="http://www.w3.org/2005/11/its" type="topic" style="task" id="keyboard-layouts" xml:lang="kk">
<info>
<link type="guide" xref="prefs-language"/>
<link type="guide" xref="keyboard" group="i18n"/>
<revision pkgversion="3.8" version="0.3" date="2013-04-30" status="review"/>
<revision pkgversion="3.10" date="2013-10-28" status="review"/>
<revision pkgversion="3.13.92" date="2014-09-22" status="review"/>
<revision pkgversion="3.29" date="2018-08-20" status="review"/>
<revision version="gnome:46" status="candidate" date="2024-03-02"/>
<credit type="author copyright">
<name>Shaun McCance</name>
<email>shaunm@gnome.org</email>
<years>2012</years>
</credit>
<credit type="author">
<name>Julita Inca</name>
<email>yrazes@gmail.com</email>
</credit>
<credit type="editor">
<name>Michael Hill</name>
<email>mdhillca@gmail.com</email>
</credit>
<credit type="editor">
<name>Juanjo Marín</name>
<email>juanj.marin@juntadeandalucia.es</email>
</credit>
<credit type="editor">
<name>Ekaterina Gerasimova</name>
<email>kittykat3756@gmail.com</email>
<years>2013</years>
</credit>
<include xmlns="http://www.w3.org/2001/XInclude" href="legal.xml"/>
<desc>Пернетақта жаймаларын қосу және олардың арасында ауысу.</desc>
</info>
Пернетақталардың әртүрлі тілдер үшін жүздеген жаймалары бар. Тіпті бір тіл үшін де бірнеше пернетақта жаймасы болуы мүмкін, мысалы, ағылшын тілі үшін Dvorak жаймасы. Пернелерде басылып шыққан әріптер мен таңбаларға қарамастан, пернетақтаңызды басқа жаймасы бар пернетақта сияқты жұмыс істейтіндей ете аласыз. Бұл бірнеше тіл арасында жиі ауысатын болсаңыз пайдалы.
<steps>
<item>
<gui xref="shell-introduction#activities">Іс-әрекеттер</gui> шолуын ашып, <gui>Пернетақта</gui> деп тере бастаңыз.
</item>
<item>
Нәтижелерден <guiseq><gui>Баптаулар</gui><gui>Пернетақта</gui></guiseq> таңдаңыз. Бұл <gui>Пернетақта</gui> панелін ашады.
</item>
<item>
<gui>Кіріс көздері</gui> бөліміндегі <gui>+ Кіріс көзін қосу…</gui> батырмасын шертіп, жаймаға сәйкес келетін тілді таңдаңыз, содан кейін жайманы таңдап, <gui>Қосу</gui> батырмасын басыңыз.
</item>
</steps>
<note style="tip">
Егер жүйеңізде бірнеше пайдаланушы тіркелгісі болса, <gui>Жүйе</gui> панеліндегі <gui>Аймақ және тіл</gui> панелінде <gui>Кіру экраны</gui> үшін бөлек бөлім болады.
<gui>+ Кіріс көзін қосу…</gui> батырмасын шерткенде, кейбір сирек қолданылатын пернетақта жаймасының нұсқалары әдепкі бойынша қолжетімді болмайды. Ол кіріс көздерін де қолжетімді ету үшін Терминал терезесін ашып, мына команданы орындауға болады:
<cmd its:translate="no">gsettings set org.gnome.desktop.input-sources
show-all-sources true</cmd>
</note>
<note style="sidebar">
<gui>Кіріс көздері</gui> тізіміндегі тілдің жанындағы <media its:translate="no" type="image" src="figures/view-more-symbolic.svg">баптаулар</media> батырмасын шертіп, <gui style="menuitem">Пернетақта жаймасын қарау</gui> опциясын таңдау арқылы кез келген жайманың суретін алдын ала көре аласыз.
</note>
Кейбір тілдер қосымша баптау опцияларын ұсынады. Бұл тілдерді <gui>Кіріс көзін қосу</gui> сұхбат терезесінде жанында <gui><media its:translate="no" type="image" src="figures/system-run-symbolic.svg" width="16" height="16">баптаулар</media></gui> таңбашасы бар екенінен тануға болады. Егер осы қосымша параметрлерге қол жеткізгіңіз келсе, <gui>Кіріс көздері</gui> тізіміндегі тілдің жанындағы <media its:translate="no" type="image" src="figures/view-more-symbolic.svg">баптаулар</media> батырмасын шертіп, қосымша баптауларға қол жеткізуге мүмкіндік беретін <gui style="menuitem">Қалаулар</gui> таңдаңыз.
Бірнеше жайманы пайдаланған кезде, барлық терезелер үшін бірдей жайманы қолдануды немесе әрбір терезе үшін бөлек жайманы орнатуды таңдай аласыз. Әр терезе үшін бөлек жайманы пайдалану, мысалы, мәтіндік процессор терезесінде басқа тілде мақала жазып жатсаңыз пайдалы. Терезелер арасында ауысқан кезде пернетақта таңдауыңыз әр терезе үшін есте сақталады. Бірнеше жайманы қалай басқаруды таңдау үшін <gui style="button">Опциялар</gui> батырмасын басыңыз.
Жоғарғы панельде ағымдағы жайманың қысқа идентификаторы көрсетіледі, мысалы, стандартты ағылшын жаймасы үшін <gui>en</gui>. Жайма индикаторын шертіп, мәзірден пайдаланғыңыз келетін жайманы таңдаңыз. Егер таңдалған тілдің қосымша баптаулары болса, олар қолжетімді жаймалар тізімінің астында көрсетіледі. Бұл баптауларыңызды тез қарап шығуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ анықтама ретінде ағымдағы пернетақта жаймасының суретін ашуға болады.
Басқа жаймаға ауысудың ең жылдам жолы — <gui>Кіріс көзі</gui> <gui>Пернетақта жарлықтарын</gui> пайдалану. Бұл жарлықтар алға және артқа жылжуға болатын <gui>Кіріс көзін</gui> таңдау терезесін ашады. Әдепкі бойынша, келесі кіріс көзіне <keyseq><key xref="keyboard-key-super">Super</key><key>Space</key></keyseq> арқылы, ал алдыңғысына <keyseq><key>Shift</key><key>Super</key><key>Space</key></keyseq> арқылы ауыса аласыз. Бұл жарлықтарды <gui>Пернетақта</gui> баптауларындағы <guiseq><gui>Пернетақта жарлықтары</gui><gui>Жарлықтарды қарау және теңшеу</gui><gui>Теру</gui></guiseq> бөлімінде өзгерте аласыз.
<media type="image" src="figures/input-methods-switcher.png"/>
</page>