<?xml version="1.0" encoding="utf-8"?>
<page xmlns="http://projectmallard.org/1.0/" xmlns:its="http://www.w3.org/2005/11/its" type="topic" style="task" id="dconf-profiles" xml:lang="kk">
<info>
<link type="guide" xref="setup"/>
<link type="seealso" xref="dconf-custom-defaults"/>
<link type="seealso" xref="dconf"/>
<revision pkgversion="3.30" date="2019-02-22" status="incomplete"/>
<credit type="author copyright">
<name>Ryan Lortie</name>
<email>desrt@desrt.ca</email>
<years>2012</years>
</credit>
<credit type="editor">
<name>Jana Švárová</name>
<email>jana.svarova@gmail.com</email>
</credit>
<credit type="editor">
<name>Petr Kovar</name>
<email>pknbe@volny.cz</email>
<years>2019</years>
</credit>
<include xmlns="http://www.w3.org/2001/XInclude" href="legal.xml"/>
<desc>Профиль және профильді таңдау туралы толық ақпарат.</desc>
</info>
Профиль — конфигурация дерекқорларының тізімі. Профильдегі бірінші дерекқор — жазуға арналған дерекқор, ал қалғандары — тек оқуға арналған. Әрбір жүйелік дерекқор кілттік файл бумасынан жасалады. Әрбір кілттік файл бумасында бір немесе бірнеше кілттік файлдар болады. Әрбір кілттік файлда кем дегенде бір dconf жолы және бір немесе бірнеше кілттер мен сәйкес мәндер болады.
<sys>dconf</sys> профилінде орнатылған кілттер жұбы, егер сіз орнатқан мәнде ақау болмаса, үнсіз келісім баптауларын қайта анықтайды.
Әдетте <sys>dconf</sys> профилі пайдаланушы дерекқорынан және кем дегенде бір жүйелік дерекқордан тұрғанын қалайсыз. Профильде әр жолға бір дерекқор жазылуы керек.
Профильдегі бірінші жол — өзгерістер жазылатын дерекқор. Әдетте бұл user-db:user. user — әдетте <file>~/.config/dconf</file> ішінде орналасқан пайдаланушы дерекқорының аты.
system-db жолы жүйелік дерекқорды көрсетеді. Бұл дерекқорлар <file>/etc/dconf/db/</file> ішінде орналасқан.
<example>
<listing>
user-db:user
system-db:<var>local</var>
system-db:<var>site</var>
</listing>
</example>
Бір пайдаланушы және бірнеше жүйелік дерекқорларды конфигурациялау қалаулардың қабаттасуына мүмкіндік береді. user дерекқор файлындағы баптаулар local дерекқор файлындағы баптаулардан басым болады, ал local дерекқор файлы өз кезегінде site дерекқор файлынан басым болады.
Дегенмен, <link xref="dconf-lockdown">құлыптардың</link> басымдық тәртібі керісінше болады. site немесе local дерекқор файлдарында енгізілген құлыптар user ішіндегілерден басым болады.
<note style="important">
Сессияға арналған <sys>dconf</sys> профилі жүйеге кірген кезде анықталады, сондықтан пайдаланушылар жаңа <sys>dconf</sys> пайдаланушы профилін сессиясына қолдану үшін жүйеден шығып, қайта кіруі керек.
</note>
Қосымша ақпаратты <link its:translate="no" href="man:dconf(7)">
<cmd>dconf</cmd>(7)</link> man бетінен қараңыз.
Іске қосылған кезде <sys>dconf</sys> <sys>DCONF_PROFILE</sys> орта айнымалысына жүгінеді. Айнымалы <file>/etc/dconf/profile/</file> ішіндегі файлға қатысты жолды немесе абсолютті жолды, мысалы, пайдаланушының үй бумасына дейінгі жолды көрсете алады.
Егер орта айнымалысы орнатылған болса, <sys>dconf</sys> көрсетілген профильді ашуға тырысады және сәтсіз болса, жұмысын тоқтатады. Егер айнымалы орнатылмаса, <sys>dconf</sys> “user” атты профильді ашуға тырысады. Егер ол да сәтсіз болса, ол ішкі бекітілген конфигурацияға оралады.
Қосымша ақпаратты <link its:translate="no" href="man:dconf(7)">
<cmd>dconf</cmd>(7)</link> man бетінен қараңыз.
</page>