<?xml version="1.0" encoding="utf-8"?>
<page xmlns="http://projectmallard.org/1.0/" type="topic" style="task" id="files-open" xml:lang="kk">
<info>
<link type="guide" xref="files#more-file-tasks"/>
<revision pkgversion="3.6.0" version="0.2" date="2012-09-30" status="review"/>
<revision pkgversion="3.13.92" date="2014-09-20" status="review"/>
<revision pkgversion="3.18" date="2015-09-28" status="candidate"/>
<credit type="author">
<name>Кристофер Томас</name>
<email>crisnoh@gmail.com</email>
</credit>
<credit type="author">
<name>Shaun McCance</name>
<email>shaunm@gnome.org</email>
</credit>
<include xmlns="http://www.w3.org/2001/XInclude" href="legal.xml"/>
<desc>Файлдарды сол файл түрі үшін әдепкі болып табылмайтын қолданбамен ашыңыз. Әдепкі қолданбаны да өзгертуге болады.</desc>
</info>
Файлдар менеджерінде файлды екі рет шерткенде (немесе ортаңғы батырмамен шерткенде), ол сол файл түріне арналған әдепкі қолданбамен ашылады. Сіз оны басқа қолданбада аша аласыз, қолданбаларды интернеттен іздей аласыз немесе сол түрдегі барлық файлдар үшін әдепкі қолданбаны орната аласыз.
Файлды әдепкі емес қолданбамен ашу үшін, файлды оң жақпен шертіп, мәзірдің жоғарғы жағынан қажетті қолданбаны таңдаңыз. Егер қажетті қолданбаны көрмесеңіз, <gui>Көмегімен ашу…</gui> таңдаңыз. Әдепкі бойынша, файлдар менеджері тек сол файлмен жұмыс істей алатын қолданбаларды көрсетеді. Компьютеріңіздегі барлық қолданбаларды қарап шығу үшін <gui>Барлық қолданбаларды қарау</gui> батырмасын шертіңіз.
Егер сіз әлі де қажетті қолданбаны таба алмасаңыз, <gui>Жаңа қолданбаларды табу</gui> батырмасын шерту арқылы көбірек қолданбаларды іздей аласыз. Файлдар менеджері сол файл түрімен жұмыс істей алатын қолданбалары бар дестелерді интернеттен іздейді.
Берілген түрдегі файлдарды ашу үшін пайдаланылатын әдепкі қолданбаны өзгертуге болады. Бұл файлды ашу үшін екі рет шерткенде өзіңіз қалаған қолданбаны ашуға мүмкіндік береді. Мысалы, MP3 файлын екі рет шерткенде таңдаулы музыка ойнатқышыңыздың ашылуын қалауыңыз мүмкін.
<steps>
<item>
Әдепкі қолданбасын өзгерткіңіз келетін файл түрін таңдаңыз. Мысалы, MP3 файлдарын ашу үшін қай қолданба пайдаланылатынын өзгерту үшін, <file>.mp3</file> файлын таңдаңыз.
</item>
<item>
Файлды оң жақпен шертіп, <gui>Қасиеттері</gui> таңдаңыз.
</item>
<item>
<gui>Көмегімен ашу</gui> бетін таңдаңыз.
</item>
<item>
Қажетті қолданбаны таңдап, <gui>Әдепкі ретінде орнату</gui> батырмасын шертіңіз.
Егер <gui>Басқа қолданбалар</gui> ішінде кейде пайдаланғыңыз келетін, бірақ әдепкі қылғыңыз келмейтін қолданба болса, сол қолданбаны таңдап, <gui>Қосу</gui> батырмасын шертіңіз. Бұл оны <gui>Ұсынылатын қолданбалар</gui> тізіміне қосады. Содан кейін файлды оң жақпен шертіп, оны тізімнен таңдау арқылы осы қолданбаны пайдалана аласыз.
</item>
</steps>
Бұл әдепкі қолданбаны тек таңдалған файл үшін емес, сол түрдегі барлық файлдар үшін өзгертеді.
</page>