<?xml version="1.0" encoding="utf-8"?>
<page xmlns="http://projectmallard.org/1.0/" xmlns:its="http://www.w3.org/2005/11/its" type="topic" style="task" id="files-autorun" xml:lang="kk">
<info>
<link type="guide" xref="media#music"/>
<link type="guide" xref="files#removable"/>
<revision pkgversion="3.18" date="2015-09-28" status="candidate"/>
<revision version="gnome:42" status="final" date="2022-02-26"/>
<revision version="gnome:46" status="final" date="2024-03-02"/>
<credit type="author">
<name>GNOME құжаттама жобасы</name>
<email>gnome-doc-list@gnome.org</email>
</credit>
<credit type="editor">
<name>Michael Hill</name>
<email>mdhillca@gmail.com</email>
</credit>
<credit type="editor">
<name>Shobha Tyagi</name>
<email>tyagishobha@gmail.com</email>
</credit>
<credit type="editor">
<name>Дэвид Кинг</name>
<email>amigadave@amigadave.com</email>
</credit>
<include xmlns="http://www.w3.org/2001/XInclude" href="legal.xml"/>
<desc>CD және DVD дискілері, камералар, аудио ойнатқыштар және басқа құрылғылар мен тасушылар үшін қолданбаларды автоматты түрде іске қосу.</desc>
</info>
Құрылғыны қосқанда немесе дискіні не тасымалдағыш картасын кірістірген кезде бағдарламаның автоматты түрде іске қосылуын орната аласыз. Мысалы, сандық камераны қосқан кезде фото ұйымдастырушыңыздың іске қосылуын қалауыңыз мүмкін. Сондай-ақ, бірдеңені қосқан кезде ештеңе болмауы үшін мұны сөндіруге де болады.
Әртүрлі құрылғыларды қосқан кезде қандай бағдарламалардың іске қосылуы керектігін шешу үшін:
<steps>
<item>
<gui xref="shell-introduction#activities">Іс-әрекеттер</gui> шолуын ашып, <gui>Алынатын тасымалдағыштар</gui> деп тере бастаңыз.
</item>
<item>
Нәтижелерден <guiseq><gui>Баптаулар</gui><gui>Қолданбалар</gui></guiseq> таңдаңыз. Бұл <gui>Қолданбалар</gui> панелін ашады.
</item>
<item>
Панельді ашу үшін <gui>Әдепкі қолданбалар</gui> таңдаңыз.
</item>
<item>
<gui>Алынатын тасымалдағыштар</gui> бөлімінде <gui>Қолданбаларды автоматты түрде іске қосу</gui> ауыстырып-қосқышын қосулы күйіне ауыстырыңыз.
</item>
<item>
Қажетті құрылғыны немесе тасымалдағыш түрін тауып, сол тасымалдағыш түрі үшін бағдарламаны немесе әрекетті таңдаңыз. Төменде құрылғылар мен тасымалдағыштардың әртүрлі түрлерінің сипаттамасын қараңыз.
Бағдарламаны іске қосудың орнына, құрылғы файл менеджерінде <gui>Буманы ашу</gui> опциясымен көрсетілетіндей етіп орнатуға да болады. Олай болған жағдайда, сізден не істеу керектігі сұралады немесе автоматты түрде ештеңе болмайды.
</item>
<item>
Тізімнен өзгерткіңіз келетін құрылғыны немесе тасымалдағыш түрін көрмесеңіз (мысалы, Blu-ray дискілері немесе электронды кітап оқу құрылғылары), құрылғылардың толығырақ тізімін көру үшін <gui>Басқа тасымалдағыштар</gui> батырмасын шертіңіз. <gui>Түрі</gui> ашылмалы тізімінен құрылғы немесе тасымалдағыш түрін, ал <gui>Әрекет</gui> ашылмалы тізімінен бағдарламаны немесе әрекетті таңдаңыз.
</item>
</steps>
<note style="tip">
Не қоссаңыз да, қандай да бір қолданбалардың автоматты түрде ашылуын қаламасаңыз, <gui>Қолданбаларды автоматты түрде іске қосу</gui> ауыстырып-қосқышын сөндірулі күйіне ауыстырыңыз.
</note>
<terms>
<item>
Аудио CD дискілерін өңдеу үшін сүйікті музыкалық бағдарламаңызды немесе CD аудио экстракторын таңдаңыз. Аудио DVD (DVD-A) пайдалансаңыз, оларды қалай ашу керектігін <gui>Басқа тасымалдағыштар</gui> астында таңдаңыз. Егер аудио дискіні файл менеджерімен ашсаңыз, тректер кез келген аудио ойнатқыш бағдарламасында ойнатуға болатын WAV файлдары ретінде көрінеді.
</item>
<item>
Видео DVD дискілерін өңдеу үшін сүйікті видео бағдарламаңызды таңдаңыз. Blu-ray, HD DVD, видео CD (VCD) және супер видео CD (SVCD) үшін бағдарламаны орнату үшін <gui>Басқа тасымалдағыштар</gui> батырмасын пайдаланыңыз. Егер DVD немесе басқа видео дискілер оларды кірістірген кезде дұрыс жұмыс істемесе, <link xref="video-dvd"/> қараңыз.
</item>
<item>
Бос CD, бос DVD, бос Blu-ray дискілері және бос HD DVD дискілері үшін диск жазу бағдарламасын таңдау үшін <gui>Басқа тасымалдағыштар</gui> батырмасын пайдаланыңыз.
</item>
<item>
Сандық камераны қосқанда немесе камерадан CF, SD, MMC немесе MS картасы сияқты тасымалдағыш картасын кірістірген кезде іске қосылатын фотоларды басқару бағдарламасын таңдау үшін <gui>Фотолар</gui> ашылмалы тізімін пайдаланыңыз. Сондай-ақ, фотоларыңызды файл менеджері арқылы жай ғана шолуға болады.
<gui>Басқа тасымалдағыштар</gui> астында дүкенде жасалған болуы мүмкін Kodak сурет CD дискілерін ашу үшін бағдарламаны таңдай аласыз. Бұл — <file>Pictures</file> деп аталатын бумада JPEG суреттері бар кәдімгі деректер CD дискілері.
</item>
<item>
Портативті музыка ойнатқышыңыздағы музыкалық кітапхананы басқару үшін бағдарлама таңдаңыз немесе файл менеджері арқылы файлдарды өзіңіз басқарыңыз.
</item>
<item>
Электронды кітап оқу құрылғысындағы кітаптарды басқару үшін бағдарлама таңдау үшін <gui>Басқа тасымалдағыштар</gui> батырмасын пайдаланыңыз немесе файл менеджері арқылы файлдарды өзіңіз басқарыңыз.
</item>
<item>
Кейбір дискілер мен алынатын тасымалдағыштарда тасымалдағыш кірістірілген кезде автоматты түрде іске қосылуы тиіс бағдарламалық қамтама болады. Автоматты түрде іске қосылатын бағдарламалық қамтамасы бар тасымалдағыш кірістірілген кезде не істеу керектігін басқару үшін <gui>Бағдарламалық қамтама</gui> опциясын пайдаланыңыз. Бағдарламалық қамтама іске қосылмас бұрын сізден әрқашан растау сұралады.
<note style="warning">
Сенбейтін тасымалдағыштан бағдарламалық қамтаманы ешқашан іске қоспаңыз.
</note>
</item>
</terms>
</page>