<?xml version="1.0" encoding="utf-8"?>
<page xmlns="http://projectmallard.org/1.0/" xmlns:its="http://www.w3.org/2005/11/its" type="topic" style="task" id="printing-cancel-job" xml:lang="kk">
<info>
<link type="guide" xref="printing#problems"/>
<revision pkgversion="3.10.2" date="2013-11-03" status="candidate"/>
<revision pkgversion="3.13.92" date="2014-09-22" status="candidate"/>
<revision pkgversion="3.18" date="2015-09-29" status="final"/>
<credit type="author">
<name>Phil Bull</name>
<email>philbull@gmail.com</email>
</credit>
<credit type="author">
<name>Джим Кэмпбелл</name>
<email>jcampbell@gnome.org</email>
</credit>
<credit type="editor">
<name>Яна Сварова</name>
<email>jana.svarova@gmail.com</email>
<years>2013</years>
</credit>
<include xmlns="http://www.w3.org/2001/XInclude" href="legal.xml"/>
<desc>Күтіп тұрған басып шығару тапсырмасынан бас тартып, оны кезектен өшіріңіз.</desc>
</info>
Принтер баптауларында күтіп тұрған басып шығару тапсырмасынан бас тартып, оны кезектен өшіре аласыз.
Егер сіз құжатты басып шығаруды кездейсоқ бастасаңыз, сияны немесе қағазды босқа кетірмеу үшін басып шығарудан бас тарта аласыз.
<steps>
<item>
<gui xref="shell-introduction#activities">Іс-әрекеттер</gui> шолуын ашып, <gui>Принтерлер</gui> деп тере бастаңыз.
</item>
<item>
Панельді ашу үшін <gui>Принтерлер</gui> батырмасын шертіңіз.
</item>
<item>
Тапсырмалар санын көрсететін принтер жанындағы батырманы шертіңіз.
</item>
<item>
Тоқтату батырмасын шерту арқылы басып шығару тапсырмасынан бас тартыңыз.
</item>
</steps>
Егер бұл басып шығару тапсырмасынан күткеніңіздей бас тартпаса, принтердегі бас тарту батырмасын басып тұрып көріңіз.
Соңғы амал ретінде, әсіресе беттері көп және бас тарту мүмкін болмай жатқан үлкен басып шығару тапсырмасы болса, принтердің қағаз беру науасынан қағазды алып тастаңыз. Принтер қағаздың жоқтығын анықтап, басып шығаруды тоқтатады. Осыдан кейін басып шығару тапсырмасынан қайтадан бас тартып көруге немесе принтерді өшіріп, қайта қосып көруге болады.
<note style="warning">
Алайда, қағазды алып тастау кезінде принтерді зақымдап алмауға тырысыңыз. Егер қағазды алып тастау үшін оны қатты тарту керек болса, оны сол қалпында қалдырған дұрыс болар.
</note>
Егер сіз басып шығару тапсырмасын аялдатқыңыз немесе босатқыңыз келсе, принтер баптауларындағы тапсырмалар сұхбат терезесіне өтіп, тиісті батырманы шертуге болады.
<steps>
<item>
<gui xref="shell-introduction#activities">Іс-әрекеттер</gui> шолуын ашып, <gui>Принтерлер</gui> деп тере бастаңыз.
</item>
<item>
Панельді ашу үшін <gui>Принтерлер</gui> батырмасын шертіңіз.
</item>
<item>
Тапсырмалар санын көрсететін принтер жанындағы батырманы шертіңіз.
</item>
<item>
Тиісті батырманы шерту арқылы басып шығару тапсырмасын аялдатыңыз немесе босатыңыз.
</item>
</steps>
</page>