<?xml version="1.0" encoding="utf-8"?>
<page xmlns="http://projectmallard.org/1.0/" xmlns:its="http://www.w3.org/2005/11/its" type="topic" style="problem" id="video-dvd" xml:lang="kk">
<info>
<link type="guide" xref="media#music"/>
<revision pkgversion="3.13.92" date="2014-09-20" status="final"/>
<revision version="gnome:42" status="final" date="2022-02-26"/>
<credit type="author">
<name>GNOME құжаттама жобасы</name>
<email>gnome-doc-list@gnome.org</email>
</credit>
<credit type="editor">
<name>Ekaterina Gerasimova</name>
<email>kittykat3756@gmail.com</email>
</credit>
<credit type="editor">
<name>Michael Hill</name>
<email>mdhillca@gmail.com</email>
</credit>
<include xmlns="http://www.w3.org/2001/XInclude" href="legal.xml"/>
<desc>Сізде қажетті кодектер орнатылмаған болуы мүмкін немесе DVD-нің аймағы дұрыс емес болуы мүмкін.</desc>
</info>
Егер компьютерге DVD салсаңыз және ол ойнатылмаса, сізде тиісті DVD кодектері орнатылмаған болуы мүмкін немесе DVD басқа аймақтан болуы мүмкін.
DVD ойнату үшін сізде тиісті кодектер орнатылған болуы керек. Кодек — бұл қосымшаларға видео немесе аудио пішімін оқуға мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтама бөлігі. Егер видео ойнатқыш бағдарламалық қамтамасы тиісті кодектерді таппаса, ол оларды сіз үшін орнатуды ұсынуы мүмкін. Олай болмаса, кодектерді қолмен орнатуға тура келеді — мұны қалай жасау керектігі туралы көмек сұраңыз, мысалы, Linux дистрибутивінің қолдау форумдарынан.
DVD-лер CSS деп аталатын жүйенің көмегімен көшіруден қорғалған. Бұл DVD-лерді көшіруге жол бермейді, сонымен қатар көшіруден қорғауды өңдейтін қосымша бағдарламалық қамтама болмаса, оларды ойнатуға да жол бермейді. Бұл бағдарламалық қамтама бірқатар Linux дистрибутивтерінде қолжетімді, бірақ оны барлық елдерде заңды түрде пайдалану мүмкін емес. Қосымша ақпарат алу үшін Linux дистрибутивіне хабарласыңыз.
DVD-лердің аймақ коды болады, ол олардың әлемнің қай аймағында ойнатуға рұқсат етілгенін көрсетеді. Егер компьютеріңіздің DVD ойнатқышының аймағы сіз ойнатқыңыз келетін DVD аймағына сәйкес келмесе, сіз DVD-ні ойната алмайсыз. Мысалы, егер сізде 1-аймақтың DVD ойнатқышы болса, сізге тек Солтүстік Америкадан келген DVD-лерді ойнатуға рұқсат етіледі.
DVD ойнатқышыңыз пайдаланатын аймақты өзгерту жиі мүмкін болады, бірақ оны бір аймаққа біржола құлыпталғанға дейін бірнеше рет қана жасауға болады. Компьютеріңіздің DVD ойнатқышының DVD аймағын өзгерту үшін <link href="http://linvdr.org/projects/regionset/">regionset</link> пайдаланыңыз.
<link href="https://en.wikipedia.org/wiki/DVD_region_code">Wikipedia-дан DVD аймақ кодтары туралы көбірек ақпарат</link> таба аласыз.
</page>