<?xml version="1.0" encoding="utf-8"?>
<page xmlns="http://projectmallard.org/1.0/" type="topic" style="problem" id="power-hotcomputer" xml:lang="kk">
<info>
<link type="guide" xref="power#problems"/>
<revision pkgversion="3.4.0" date="2012-02-20" status="review"/>
<revision pkgversion="3.18" date="2015-09-28" status="final"/>
<desc>Компьютерлер әдетте жылиды, бірақ тым қатты қызса, олар қызып кетуі мүмкін, бұл зақымдануға әкелуі мүмкін.</desc>
<credit type="author">
<name>GNOME құжаттама жобасы</name>
<email>gnome-doc-list@gnome.org</email>
</credit>
<include xmlns="http://www.w3.org/2001/XInclude" href="legal.xml"/>
</info>
Компьютерлердің көбі біраз уақыттан кейін жылиды, ал кейбіреулері айтарлықтай қызуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай: бұл жай ғана компьютердің өзін-өзі салқындату тәсілінің бір бөлігі. Дегенмен, егер компьютеріңіз өте қатты жылыса, бұл оның қызып кетуінің белгісі болуы мүмкін, бұл зақым келтіруі ықтимал.
Ноутбуктердің көбі оларды біраз уақыт пайдаланғаннан кейін біршама жылиды. Әдетте бұл үшін алаңдаудың қажеті жоқ — компьютерлер көп жылу шығарады, ал ноутбуктер өте жинақы, сондықтан олар жылуды тез шығаруы керек және соның салдарынан олардың сыртқы корпусы жылиды. Дегенмен, кейбір ноутбуктер тым қатты қызады және оларды пайдалану ыңғайсыз болуы мүмкін. Бұл әдетте нашар жобаланған салқындату жүйесінің нәтисі. Кейде ноутбуктің астыңғы жағына бекітілетін және тиімдірек салқындатуды қамтамасыз ететін қосымша салқындату керек-жарақтарын алуға болады.
Егер сізде қол тигізгенде ыстық болып көрінетін үстел компьютері болса, оның салқындатылуы жеткіліксіз болуы мүмкін. Егер бұл сізді мазаласа, қосымша салқындату желдеткіштерін сатып алуға немесе салқындату желдеткіштері мен саңылауларында шаң мен басқа да кедергілердің жоқтығын тексеруге болады. Сондай-ақ, компьютерді жақсы желдетілетін жерге қоюды қарастыруыңызға болады — егер тар жерлерде (мысалы, шкафта) сақталса, компьютердегі салқындату жүйесі жылуды шығарып, салқын ауаны жеткілікті жылдам айналдыра алмауы мүмкін.
Кейбір адамдар ыстық ноутбуктерді пайдаланудың денсаулыққа тигізетін қаупіне алаңдайды. Ыстық ноутбукті тізеде ұзақ пайдалану ұрпақты болу қабілетін төмендетуі мүмкін деген болжамдар бар және жеңіл күйіктер алу туралы да мәліметтер бар (төтенше жағдайларда). Егер сізді осы ықтимал мәселелер мазаласа, кеңес алу үшін медицина қызметкеріне жүгінгіңіз келуі мүмкін. Әрине, сіз жай ғана ноутбукті тізеңізге қоймауды таңдай аласыз.
Қазіргі заманғы компьютерлердің көбі зақымдануды болдырмау үшін тым қатты қызып кетсе, өздігінен сөнеді. Егер компьютеріңіз жиі сөне берсе, себебі осы болуы мүмкін. Егер компьютеріңіз қызып кетсе, оны жөндетуіңіз қажет болуы мүмкін.
</page>