<?xml version="1.0" encoding="utf-8"?>
<page xmlns="http://projectmallard.org/1.0/" type="topic" style="ui" id="nautilus-behavior" xml:lang="kk">
<info>
<link type="guide" xref="nautilus-prefs" group="nautilus-behavior"/>
<desc>Файлдарды ашу үшін бір рет шерту, орындалатын мәтіндік файлдарды жегу немесе қарау және қоқыс шелегінің әрекетін көрсету.</desc>
<revision pkgversion="3.5.92" version="0.2" date="2012-09-19" status="review"/>
<revision pkgversion="3.18" date="2015-09-29" status="candidate"/>
<revision pkgversion="3.33.3" date="2019-07-19" status="candidate"/>
<credit type="author">
<name>Tiffany Antopolski</name>
<email>tiffany@antopolski.com</email>
</credit>
<credit type="author">
<name>Shaun McCance</name>
<email>shaunm@gnome.org</email>
</credit>
<credit type="editor">
<name>Michael Hill</name>
<email>mdhillca@gmail.com</email>
</credit>
<credit type="editor">
<name>Синдху С</name>
<email>sindhus@live.in</email>
</credit>
<credit type="editor">
<name>Дэвид Кинг</name>
<email>amigadave@amigadave.com</email>
</credit>
<include xmlns="http://www.w3.org/2001/XInclude" href="legal.xml"/>
</info>
Файлдарды бір рет немесе екі рет шерту арқылы ашуды, орындалатын мәтіндік файлдардың өңделуін және қоқыс шелегінің әрекетін басқара аласыз. Терезенің бүйірлік панеліндегі мәзір батырмасын шертіп, <gui>Қалаулар</gui> тармағын таңдаңыз, содан кейін <gui>Жалпы</gui> бөліміне өтіңіз.
<terms>
<item>
Әдепкі бойынша, шерту файлдарды таңдайды, ал екі рет шерту оларды ашады. Оның орнына файлдар мен бумалар бір рет шерткенде ашылатындай етіп таңдауға болады. Бір рет шерту режимін пайдаланған кезде, бір немесе бірнеше файлды таңдау үшін шерту кезінде <key>Ctrl</key> пернесін басып тұруға болады.
</item>
</terms>
Орындалатын мәтіндік файл — бұл сіз жеге (орындай) алатын бағдарламасы бар файл. Сондай-ақ <link xref="nautilus-file-properties-permissions">файл рұқсаттары</link> файлдың бағдарлама ретінде жұмыс істеуіне мүмкіндік беруі керек. Ең көп таралғандары — <sys>Shell</sys>, <sys>Python</sys> және <sys>Perl</sys> скрипттері. Олардың сәйкесінше <file>.sh</file>, <file>.py</file> және <file>.pl</file> кеңейтулері бар.
Орындалатын мәтіндік файлдар скрипттер деп те аталады. <file>~/.local/share/nautilus/scripts</file> бумасындағы барлық скрипттер файлдың контекстік мәзірінде <gui style="menuitem">Скрипттер</gui> ішкі мәзірінде пайда болады. Скрипт жергілікті бумадан орындалғанда, барлық таңдалған файлдар скриптке параметрлер ретінде кірістіріледі. Файлда скриптті орындау үшін:
<steps>
<item>
Қажетті бумаға өтіңіз.
</item>
<item>
Қажетті файлды таңдаңыз.
</item>
<item>
Контекстік мәзірді ашу үшін файлды оң жақпен шертіп, <gui style="menuitem">Скрипттер</gui> мәзірінен орындалатын қажетті скриптті таңдаңыз.
</item>
</steps>
<note style="important">
Скрипт веб немесе <sys>ftp</sys> мазмұнын көрсететін бума сияқты қашықтағы бумадан орындалғанда, оған ешқандай параметрлер берілмейді.
</note>
</page>