<?xml version="1.0" encoding="utf-8"?>
<page xmlns="http://projectmallard.org/1.0/" xmlns:its="http://www.w3.org/2005/11/its" type="topic" style="task" id="net-firewall-on-off" xml:lang="kk">
<info>
<link type="guide" xref="net-security" group="#first"/>
<revision pkgversion="3.4.0" date="2012-02-20" status="final"/>
<revision pkgversion="3.10" date="2013-11-03" status="incomplete"/>
<revision pkgversion="3.18" date="2015-09-28" status="final"/>
<credit type="author">
<name>Paul W. Frields</name>
<email>stickster@gmail.com</email>
</credit>
<include xmlns="http://www.w3.org/2001/XInclude" href="legal.xml"/>
<desc>Қай бағдарламалардың желіге қол жеткізе алатынын басқара аласыз. Бұл компьютеріңіздің қауіпсіздігін сақтауға көмектеседі.</desc>
</info>
GNOME құрамында желілік экран жоқ, сондықтан осы құжаттан тыс қолдау алу үшін дистрибутивтің қолдау көрсету тобына немесе ұйымыңыздың IT бөліміне хабарласыңыз. Компьютеріңізде басқа адамдардың интернет немесе желі арқылы бағдарламаларға қол жеткізуін блоктауға мүмкіндік беретін желілік экран болуы тиіс. Бұл компьютеріңіздің қауіпсіздігін сақтауға көмектеседі.
Көптеген қолданбалар желілік қосылымды пайдалана алады. Мысалы, желіге қосылғанда файлдармен бөлісе аласыз немесе біреуге жұмыс үстеліңізді қашықтан қарауға рұқсат бере аласыз. Компьютеріңіздің қалай бапталғанына байланысты, бұл қызметтердің ойдағыдай жұмыс істеуі үшін желілік экранды реттеу қажет болуы мүмкін.
Желілік қызметтерді ұсынатын әрбір бағдарлама арнайы желілік портты пайдаланады. Желідегі басқа компьютерлердің қызметке қол жеткізуін іске қосу үшін, желілік экранда оған тағайындалған портты «ашу» қажет болуы мүмкін:
<steps>
<item>
Экранның жоғарғы сол жақ бұрышындағы <gui>Activities</gui> бөліміне өтіп, желілік экран қолданбасын іске қосыңыз. Егер оны таба алмасаңыз, желілік экран менеджерін (мысалы, GUFW) өзіңіз орнатуыңыз қажет болуы мүмкін.
</item>
<item>
Адамдардың оған қол жеткізе алуын қалайтыныңызға байланысты желілік қызмет портын ашыңыз немесе сөндіріңіз. Қай портты өзгерту керектігі <link xref="net-firewall-ports">қызметке байланысты болады</link>.
</item>
<item>
Желілік экран сайманы берген кез келген қосымша нұсқауларды орындай отырып, өзгерістерді сақтаңыз немесе іске асырыңыз.
</item>
</steps>
</page>