<?xml version="1.0" encoding="utf-8"?>
<page xmlns="http://projectmallard.org/1.0/" xmlns:its="http://www.w3.org/2005/11/its" type="topic" style="task" id="user-add" xml:lang="kk">
<info>
<link type="guide" xref="user-accounts#manage" group="#first"/>
<revision pkgversion="3.18" date="2015-09-28" status="final"/>
<revision version="gnome:42" status="final" date="2022-03-17"/>
<credit type="author">
<name>GNOME құжаттама жобасы</name>
<email>gnome-doc-list@gnome.org</email>
</credit>
<credit type="author">
<name>Shaun McCance</name>
<email>shaunm@gnome.org</email>
</credit>
<credit type="editor">
<name>Michael Hill</name>
<email>mdhillca@gmail.com</email>
</credit>
<credit type="editor">
<name>Ekaterina Gerasimova</name>
<email>kittykat3756@gmail.com</email>
</credit>
<include xmlns="http://www.w3.org/2001/XInclude" href="legal.xml"/>
<desc>Басқа адамдар компьютерге кіре алуы үшін жаңа пайдаланушыларды қосыңыз.</desc>
</info>
Компьютеріңізге бірнеше пайдаланушы тіркелгісін қосуға болады. Отбасыңыздағы немесе компанияңыздағы әрбір адамға бір тіркелгі беріңіз. Әрбір пайдаланушының жеке үй бумасы, құжаттары және баптаулары болады.
Пайдаланушы тіркелгілерін қосу үшін сізге <link xref="user-admin-explain">әкімші құқықтары</link> қажет.
<steps>
<item>
<gui xref="shell-introduction#activities">Көрініс</gui> панелін ашып, <gui>Жүйе</gui> деп тере бастаңыз.
</item>
<item>
Нәтижелерден <guiseq><gui>Баптаулар</gui><gui>Жүйе</gui></guiseq> таңдаңыз. Бұл <gui>Жүйе</gui> панелін ашады.
</item>
<item>
Панельді ашу үшін <gui>Пайдаланушылар</gui> тармағын таңдаңыз.
</item>
<item>
Жоғарғы оң жақ бұрыштағы <gui style="button">Құлпын ашу</gui> батырмасын басып, сұралған кезде пароліңізді енгізіңіз.
</item>
<item>
Жаңа пайдаланушы тіркелгісін қосу үшін <gui>Басқа пайдаланушылар</gui> бөліміндегі <gui style="button">Пайдаланушыны қосу...</gui> батырмасын басыңыз.
</item>
<item>
Егер жаңа пайдаланушының компьютерге <link xref="user-admin-explain">әкімшілік қол жеткізу</link> құқығы болсын десеңіз, тіркелгі түрі үшін <gui>Әкімші</gui> опциясын таңдаңыз.
Әкімшілер пайдаланушыларды қосу және өшіру, бағдарламалық қамтама мен драйверлерді орнату, сондай-ақ күн мен уақытты өзгерту сияқты әрекеттерді орындай алады.
</item>
<item>
Жаңа пайдаланушының толық атын енгізіңіз. Пайдаланушы аты толық аттың негізінде автоматты түрде толтырылады. Егер ұсынылған пайдаланушы аты ұнамаса, оны өзгертуге болады.
</item>
<item>
Жаңа пайдаланушы үшін парольді өзіңіз орната аласыз немесе оларға бірінші рет жүйеге кіргенде өздері орнатуға мүмкіндік бере аласыз. Егер парольді қазір орнатуды таңдасаңыз, кездейсоқ парольді автоматты түрде генерациялау үшін <gui style="button"><media its:translate="no" type="image" src="figures/system-run-symbolic.svg" width="16" height="16">
парольді генерациялау</media></gui> таңбашасын басуға болады.
Пайдаланушыны желілік доменге қосу үшін <gui>Кәсіпорындық кіру</gui> батырмасын шертіңіз.
</item>
<item>
<gui>Қосу</gui> батырмасын шертіңіз. Пайдаланушы қосылғаннан кейін <gui>Ата-ана бақылауы</gui> және <gui>Тіл</gui> баптауларын реттеуге болады.
</item>
</steps>
Егер тіркелгіні жасағаннан кейін парольді өзгерткіңіз келсе, тіркелгіні таңдап, панельдің <gui style="button">Құлпын ашу</gui> батырмасын басыңыз және ағымдағы пароль күйін басыңыз.
<note>
<gui>Пайдаланушылар</gui> панелінде тіркелгіге сурет орнату үшін оң жақтағы пайдаланушы атының жанындағы суретті шертуге болады. Бұл сурет жүйеге кіру терезесінде көрсетіледі. Жүйе пайдалануға болатын кейбір дайын фотосуреттерді ұсынады немесе өзіңіздікін таңдауға не веб-камерамен суретке түсуге болады.
</note>
</page>