<?xml version="1.0" encoding="utf-8"?>
<page xmlns="http://projectmallard.org/1.0/" type="topic" style="problem" id="music-cantplay-drm" xml:lang="kk">
  <info>
    <link type="guide" xref="media#music"/>


    <credit type="author">
      <name>GNOME құжаттама жобасы</name>
      <email>gnome-doc-list@gnome.org</email>
    </credit>

    <desc>Ол файл пішімі үшін қолдау орнатылмаған болуы мүмкін немесе әндер «көшіруден қорғалған» болуы мүмкін.</desc>
    <include xmlns="http://www.w3.org/2001/XInclude" href="legal.xml"/>
  </info>

<title>Онлайн музыка дүкенінен сатып алған әндерді ойната алмаймын</title>

<p>Егер сіз онлайн дүкеннен музыка жүктеп алсаңыз, ол компьютеріңізде ойнатылмауы мүмкін, әсіресе оны Windows немесе Mac OS компьютерінде сатып алып, кейін көшіріп алған болсаңыз.</p>

<p>Бұл музыка компьютеріңіз танымайтын пішімде болғандықтан болуы мүмкін. Әнді ойнату үшін сізде тиісті аудио пішімдеріне қолдау орнатылған болуы керек — мысалы, MP3 файлдарын ойнатқыңыз келсе, MP3 қолдауы орнатылған болуы керек. Егер белгілі бір аудио пішіміне қолдауыңыз болмаса, әнді ойнатуға тырысқанда бұл туралы хабарламаны көруіңіз керек. Хабарламада сол пішімді ойнату үшін қолдауды қалай орнату керектігі туралы нұсқаулар да болуы тиіс.</p>

<p>Егер әннің аудио пішіміне қолдау орнатылған болса, бірақ бәрібір ойнатылмаса, ән <em>көшіруден қорғалған</em> (сонымен қатар <em>DRM шектелген</em> деп те аталады) болуы мүмкін. DRM — әнді кім және қандай құрылғыларда ойната алатынын шектеу әдісі. Мұны сіз емес, әнді сізге сатқан компания басқарады. Егер музыка файлында DRM шектеулері болса, оны ойната алмайтын шығарсыз — DRM шектелген файлдарды ойнату үшін әдетте сатушының арнайы бағдарламалық қамтамасы қажет, бірақ бұл бағдарламалық қамтама көбіне Linux жүйесінде қолданылмайды.</p>

<p>DRM туралы толығырақ <link href="https://www.eff.org/issues/drm">Electronic Frontier Foundation</link> сайтынан білуге болады.</p>

</page>
