<?xml version="1.0" encoding="utf-8"?>
<page xmlns="http://projectmallard.org/1.0/" type="topic" style="tip" id="backup-what" xml:lang="kk">
<info>
<link type="guide" xref="backup-why"/>
<revision pkgversion="3.4.0" date="2012-02-19" status="review"/>
<revision pkgversion="3.13.92" date="2014-09-20" status="review"/>
<credit type="author">
<name>GNOME құжаттама жобасы</name>
<email>gnome-doc-list@gnome.org</email>
</credit>
<credit type="author">
<name>Tiffany Antopolski</name>
<email>tiffany.antopolski@gmail.com</email>
</credit>
<credit type="editor">
<name>Michael Hill</name>
<email>mdhillca@gmail.com</email>
</credit>
<include xmlns="http://www.w3.org/2001/XInclude" href="legal.xml"/>
<desc>Бірдеңе дұрыс болмай қалса, жоғалтуға болмайтын кез келген нәрсені архивтеңіз.</desc>
</info>
Сіздің басымдылығыңыз <link xref="backup-thinkabout">ең маңызды файлдарды</link>, сондай-ақ қайта жасау қиын файлдарды архивтеу болуы керек. Мысалы, ең маңыздыдан ең аз маңыздыға қарай реттелген:
<terms>
<item>
Бұған құжаттар, электрондық кестелер, электрондық пошта, күнтізбелік кездесулер, қаржылық деректер, отбасылық фотосуреттер немесе сіз орны толмас деп санайтын кез келген басқа жеке файлдар кіруі мүмкін.
</item>
<item>
Бұған жұмыс үстеліндегі түстерге, фондарға, экран ажыратымдылығына және тышқан параметрлеріне енгізген өзгерістеріңіз кіреді. Сондай-ақ, бұған <app>LibreOffice</app>, музыка ойнатқышы және электрондық пошта бағдарламасы сияқты бағдарлама қалаулары кіреді. Олар ауыстырылады, бірақ қайта жасау үшін біраз уақыт кетуі мүмкін.
</item>
<item>
Көптеген адамдар орнату кезінде жасалған жүйелік параметрлерді ешқашан өзгертпейді. Егер сіз қандай да бір себептермен жүйелік параметрлеріңізді өзгертсеңіз немесе компьютеріңізді сервер ретінде пайдалансаңыз, онда бұл параметрлерді архивтегіңіз келуі мүмкін.
</item>
<item>
Сіз пайдаланатын бағдарламалық қамтаманы әдетте компьютердегі күрделі ақаудан кейін оны қайта орнату арқылы тез қалпына келтіруге болады.
</item>
</terms>
Жалпы алғанда, сіз орны толмас файлдарды және архивсіз ауыстыру үшін көп уақытты қажет ететін файлдарды архивтегіңіз келеді. Екінші жағынан, егер заттарды ауыстыру оңай болса, олардың архивтеріне диск орнын жұмсағыңыз келмеуі мүмкін.
</page>