<?xml version="1.0" encoding="utf-8"?>
<page xmlns="http://projectmallard.org/1.0/" type="topic" style="task" id="keyboard-layout" xml:lang="kk">
<info>
<link type="guide" xref="login#management"/>
<revision pkgversion="3.11" date="2014-01-29" status="draft"/>
<credit type="author copyright">
<name>minnie_eg</name>
<email>amany.elguindy@gmail.com</email>
<years>2012</years>
</credit>
<credit type="editor">
<name>Ekaterina Gerasimova</name>
<email>kittykat3756@gmail.com</email>
<years>2012</years>
</credit>
<credit type="editor">
<name>Petr Kovar</name>
<email>pknbe@volny.cz</email>
<years>2014</years>
</credit>
<include xmlns="http://www.w3.org/2001/XInclude" href="legal.xml"/>
<desc>Кіру экранындағы пернетақта жаймасын таңдау құралын толтыру.</desc>
</info>
Пайдаланушылар кіру экранында таңдауы үшін баламалы пернетақта жаймаларын қосу мақсатында жүйелік пернетақта жаймасының баптауларын өзгерте аласыз. Бұл әдетте үнсіз келісім бойынша пернетақта жаймасынан басқа жаймаларды пайдаланатын және сол пернетақта жаймаларының кіру экранында қолжетімді болғанын қалайтын пайдаланушылар үшін пайдалы болуы мүмкін.
<steps>
<item>
Қажетті тіл жаймаларының кодтарын <file>/usr/share/X11/xkb/rules/base.lst</file> файлының <sys>! layout</sys> деп аталатын бөлімінен табыңыз.
</item>
<item>
Жүйелік пернетақта жаймасының баптауларын келесідей өзгерту үшін <cmd>localectl</cmd> сайманын пайдаланыңыз:
<screen><cmd>localectl set-x11-keymap <var>жайма</var></cmd></screen>
Бірнеше жайманы үтірмен ажыратылған тізім ретінде көрсетуге болады. Мысалы, <sys>es</sys> тілін негізгі жайма, ал <sys>us</sys> тілін қосымша жайма ретінде орнату үшін келесі команданы орындаңыз:
<screen><output>$ </output>localectl set-x11-keymap es,us</screen>
</item>
<item>
Анықталған жаймалардың кіру экранындағы жоғарғы панельде қолжетімді екенін көру үшін жүйеден шығыңыз.
</item>
</steps>
Сондай-ақ, <cmd>localectl</cmd> сайманын жүйелік ауқымдағы үнсіз келісім бойынша пернетақта моделін, нұсқасын және опцияларын көрсету үшін пайдалануға болатынын ескеріңіз. Қосымша ақпаратты <cmd>localectl</cmd>(1) man бетінен қараңыз.
<cmd>localectl</cmd> сайманы жоқ жүйелерде жүйелік пернетақта жаймасының баптауларын <file>/usr/share/X11/xorg.conf.d/</file> бумасындағы конфигурация файлын түзету арқылы өзгертуге болады.
<steps>
<item>
Қажетті тіл жаймаларының кодтарын <file>/usr/share/X11/xkb/rules/base.lst</file> файлының <sys>! layout</sys> деп аталатын бөлімінен табыңыз.
</item>
<item>
Жайма кодтарын <file>/usr/share/X11/xorg.conf.d/10-evdev.conf</file> файлына келесідей қосыңыз:
<screen>
Section "InputClass"
Identifier "evdev keyboard catchall"
MatchIsKeyboard "on"
MatchDevicePath "/dev/input/event*"
Driver "evdev"
Option "XkbLayout" "en,fr"
EndSection
</screen>
Ағылшын (<sys>en</sys>) және француз (<sys>fr</sys>) жаймаларының мысалында көрсетілгендей, бірнеше жайманы үтірмен ажыратылған тізім ретінде қосуға болады.
</item>
<item>
Анықталған жаймалардың кіру экранындағы жоғарғы панельде қолжетімді екенін көру үшін жүйеден шығыңыз.
</item>
</steps>
</page>