<?xml version="1.0" encoding="utf-8"?>
<page xmlns="http://projectmallard.org/1.0/" xmlns:its="http://www.w3.org/2005/11/its" type="topic" style="task" id="net-security-tips" xml:lang="kk">
<info>
<link type="guide" xref="net-general"/>
<revision pkgversion="3.4.0" date="2012-02-21" status="final"/>
<revision pkgversion="3.18" date="2015-09-28" status="final"/>
<credit type="author">
<name>Стивен Ричардс</name>
<email>steven.richardspc@gmail.com</email>
</credit>
<include xmlns="http://www.w3.org/2001/XInclude" href="legal.xml"/>
<desc>Интернетті қолдану кезінде есте сақтау керек жалпы кеңестер.</desc>
</info>
Linux-ты қолдануыңыздың бір ықтимал себебі — оның белгілі қауіпсіздігі. Linux-тың зиянды бағдарламалар мен вирустардан салыстырмалы түрде қауіпсіз болуының бір себебі — оны қолданатын адамдар санының аздығы. Вирустар Windows сияқты қолданушылар базасы өте үлкен танымал операциялық жүйелерге бағытталған. Linux сонымен қатар өзінің ашық бастапқы кодының арқасында өте қауіпсіз, бұл сарапшыларға әрбір дистрибутивке енгізілген қауіпсіздік мүмкіндіктерін өзгертуге және жақсартуға мүмкіндік береді.
Linux қондырғысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалған шараларға қарамастан, әрқашан осал тұстар болады. Интернеттің қарапайым пайдаланушысы ретінде сіз әлі де келесілерге ұшырауыңыз мүмкін:
<list>
<item>
Фишингтік алаяқтықтар (алдау арқылы құпия ақпаратты алуға тырысатын веб-сайттар мен электрондық хаттар)
</item>
<item>
<link xref="net-email-virus">Зиянды электрондық хаттарды қайта бағыттау</link>
</item>
<item>
<link xref="net-antivirus">Зиянды мақсаттағы бағдарламалар (вирустар)</link>
</item>
<item>
<link xref="net-wireless-wepwpa">Желіге рұқсатсыз қашықтан/жергілікті қол жеткізу</link>
</item>
</list>
Интернетте қауіпсіз болу үшін келесі кеңестерді есте сақтаңыз:
<list>
<item>
Сізге таныс емес адамдар жіберген электрондық хаттардан, салынған файлдардан немесе сілтемелерден сақ болыңыз.
</item>
<item>
Егер веб-сайттың ұсынысы тым жақсы болып көрінсе немесе қажетсіз болып көрінетін құпия ақпаратты сұраса, онда жіберіп жатқан ақпаратыңыз және ол ақпарат жеке деректерді ұрлаушылардың немесе басқа қылмыскерлердің қолына түссе, оның салдары қандай болатынын мұқият ойланыңыз.
</item>
<item>
Кез келген бағдарламаға, әсіресе бұрын қолданбаған немесе белгісіз бағдарламаларға <link xref="user-admin-explain">root деңгейіндегі рұқсаттарды</link> беруде абай болыңыз. Кез келген адамға немесе кез келген нәрсеге root деңгейіндегі рұқсаттарды беру компьютеріңізді пайдалану қаупіне ұшыратады.
</item>
<item>
Тек қажетті қашықтан қол жеткізу қызметтерінің жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізіңіз. SSH немесе RDP-ның қосулы болуы пайдалы болуы мүмкін, бірақ дұрыс қорғалмаса, компьютеріңізді бұзуға жол ашады. Компьютеріңізді бұзудан қорғауға көмектесу үшін <link xref="net-firewall-on-off">брандмауэрді</link> қолдануды қарастырыңыз.
</item>
</list>
</page>