<?xml version="1.0" encoding="utf-8"?>
<page xmlns="http://projectmallard.org/1.0/" type="topic" style="tip" id="keyboard-nav" xml:lang="kk">
<info>
<link type="guide" xref="keyboard" group="a11y"/>
<link type="guide" xref="a11y#mobility" group="keyboard"/>
<link type="seealso" xref="shell-keyboard-shortcuts"/>
<revision pkgversion="3.7.5" version="0.2" date="2013-02-23" status="review"/>
<revision pkgversion="3.13.92" date="2014-09-22" status="candidate"/>
<revision pkgversion="3.20" date="2016-08-13" status="candidate"/>
<revision pkgversion="3.29" date="2018-08-27" status="review"/>
<credit type="author">
<name>Michael Hill</name>
<email>mdhillca@gmail.com</email>
</credit>
<credit type="editor">
<name>Julita Inca</name>
<email>yrazes@gmail.com</email>
</credit>
<credit type="author copyright">
<name>Shaun McCance</name>
<email>shaunm@gnome.org</email>
<years>2012</years>
</credit>
<credit type="editor">
<name>Ekaterina Gerasimova</name>
<email>kittykat3756@gmail.com</email>
</credit>
<include xmlns="http://www.w3.org/2001/XInclude" href="legal.xml"/>
<desc>Қолданбаларды және жұмыс үстелін тышқансыз пайдаланыңыз.</desc>
</info>
Бұл бетте тышқанды немесе басқа нұсқау құрылғысын пайдалана алмайтын немесе пернетақтаны мүмкіндігінше көбірек пайдаланғысы келетін адамдар үшін пернетақта навигациясы егжей-тегжейлі сипатталған. Барлық пайдаланушылар үшін пайдалы пернетақта жарлықтарын көру үшін оның орнына <link xref="shell-keyboard-shortcuts"/> қараңыз.
<note style="tip">
Егер тышқан сияқты нұсқау құрылғысын пайдалана алмасаңыз, пернетақтадағы сандық пернетақта арқылы тышқан курсорын басқара аласыз. Толығырақ ақпаратты <link xref="mouse-mousekeys"/> бөлімінен қараңыз.
</note>
<key>Tab</key> және
<keyseq><key>Ctrl</key><key>Tab</key></keyseq>
Пернетақта фокусын әртүрлі басқару элементтері арасында жылжыту. <keyseq><key>Ctrl</key> <key>Tab</key></keyseq> басқару элементтерінің топтары арасында, мысалы, бүйірлік панельден негізгі мазмұнға ауысады. Сондай-ақ <keyseq><key>Ctrl</key><key>Tab</key></keyseq> мәтіндік аймақ сияқты <key>Tab</key> пернесінің өзін пайдаланатын басқару элементінен шығуға мүмкіндік береді.
Фокусты кері ретпен жылжыту үшін <key>Shift</key> пернесін басып тұрыңыз.
Бағдарша пернелері
Бір басқару элементіндегі элементтер арасында немесе байланысты басқару элементтерінің жиынтығы арасында таңдауды жылжыту. Құралдар панеліндегі батырмаларға фокустау, тізім немесе тор көрінісінде элементтерді таңдау немесе топтан радиобатырманы таңдау үшін бағдарша пернелерін пайдаланыңыз.
<keyseq><key>Ctrl</key>бағдарша пернелері</keyseq>
Тізім немесе тор көрінісінде қай элемент таңдалғанын өзгертпей, пернетақта фокусын басқа элементке жылжыту.
<keyseq><key>Shift</key>бағдарша пернелері</keyseq>
Тізім немесе тор көрінісінде ағымдағы таңдалған элементмен жаңадан фокусталған элементке дейінгі барлық элементтерді таңдау.
Иерархиялық тізімде ішкі элементтері бар элементтерді оларды көрсету немесе жасыру үшін жаюға немесе жинауға болады: <keyseq><key>Shift</key><key>→</key></keyseq> басу арқылы жаю және <keyseq><key>Shift</key><key>←</key></keyseq> басу арқылы жинау.
<key>Бос орын</key>
Батырма, құсбелгі немесе тізім элементі сияқты фокусталған элементті белсендіру.
<keyseq><key>Ctrl</key><key>Бос орын</key></keyseq>
Тізім немесе тор көрінісінде басқа элементтердің таңдауын алмай, фокусталған элементті таңдау немесе таңдауын алып тастау.
<key>Alt</key>
Жеделдеткіштерді: мәзір элементтеріндегі, батырмалардағы және басқа басқару элементтеріндегі асты сызылған әріптерді көрсету үшін <key>Alt</key> пернесін басып тұрыңыз. Басқару элементін оны шерткендей белсендіру үшін <key>Alt</key> және асты сызылған әріпті басыңыз.
<key>Esc</key>
Мәзірден, қалқымалы терезеден, ауыстырғыштан немесе сұхбат терезесінен шығу.
<key>F10</key>
Терезенің мәзір жолағындағы бірінші мәзірді ашу. Мәзірлер бойынша навигация жасау үшін бағдарша пернелерін пайдаланыңыз.
<keyseq><key>Shift</key><key>F10</key></keyseq> немесе
<key xref="keyboard-key-menu">Мәзір</key>
Ағымдағы таңдалған элемент үшін контекстік мәзірді оң жақ батырмамен шерткендей ашу.
<keyseq><key>Ctrl</key><key>F10</key></keyseq>
Файлдар менеджерінде қандай да бір элементті емес, фонды оң жақ батырмамен шерткендей ағымдағы буманың контекстік мәзірін ашу.
<keyseq><key>Ctrl</key><key>PageUp</key></keyseq>
және
<keyseq><key>Ctrl</key><key>PageDown</key></keyseq>
Беттері бар интерфейсте сол жақтағы немесе оң жақтағы бетке ауысу.
<include xmlns="http://www.w3.org/2001/XInclude" href="shell-keyboard-shortcuts.page" xpointer="super"/>
<include xmlns="http://www.w3.org/2001/XInclude" href="shell-keyboard-shortcuts.page" xpointer="super-tab"/>
<include xmlns="http://www.w3.org/2001/XInclude" href="shell-keyboard-shortcuts.page" xpointer="super-tick"/>
<include xmlns="http://www.w3.org/2001/XInclude" href="shell-keyboard-shortcuts.page" xpointer="ctrl-alt-tab"/>
<include xmlns="http://www.w3.org/2001/XInclude" href="shell-keyboard-shortcuts.page" xpointer="super-updown"/>
<keyseq><key>Alt</key><key>F6</key></keyseq>
Бір қолданбаның терезелері арасында ауысу. <key>Alt</key> пернесін басып тұрып, қажетті терезе ерекшеленгенше <key>F6</key> басыңыз, содан кейін <key>Alt</key> жіберіңіз. Бұл <keyseq><key>Alt</key><key>`</key></keyseq> мүмкіндігіне ұқсас.
<keyseq><key>Alt</key><key>Esc</key></keyseq>
Жұмыс орнындағы барлық ашық терезелер арасында ауысу.
<keyseq><key>Super</key><key>V</key></keyseq>
<link xref="shell-notifications#notificationlist">Хабарландырулар тізімін ашу.</link> Жабу үшін <key>Esc</key> басыңыз.
<keyseq><key>Alt</key><key>F4</key></keyseq>
Ағымдағы терезені жабу.
<keyseq><key>Alt</key><key>F5</key></keyseq> немесе <keyseq><key>Super</key><key>↓</key></keyseq>
Жайылған терезені бастапқы өлшеміне қайтару. Жайып жіберу үшін <keyseq><key>Alt</key><key>F10</key></keyseq> пайдаланыңыз. <keyseq><key>Alt</key><key>F10</key></keyseq> терезені әрі жаяды, әрі қайтарады.
<keyseq><key>Alt</key><key>F7</key></keyseq>
Ағымдағы терезені жылжыту. <keyseq><key>Alt</key><key>F7</key></keyseq> басыңыз, содан кейін терезені жылжыту үшін бағдарша пернелерін пайдаланыңыз. Жылжытуды аяқтау үшін <key>Enter</key>, ал оны бастапқы орнына қайтару үшін <key>Esc</key> басыңыз.
<keyseq><key>Alt</key><key>F8</key></keyseq>
Ағымдағы терезенің өлшемін өзгерту. <keyseq><key>Alt</key><key>F8</key></keyseq> басыңыз, содан кейін терезенің өлшемін өзгерту үшін бағдарша пернелерін пайдаланыңыз. Өлшемін өзгертуді аяқтау үшін <key>Enter</key>, ал оны бастапқы өлшеміне қайтару үшін <key>Esc</key> басыңыз.
<include xmlns="http://www.w3.org/2001/XInclude" href="shell-keyboard-shortcuts.page" xpointer="shift-super-updown"/>
<include xmlns="http://www.w3.org/2001/XInclude" href="shell-keyboard-shortcuts.page" xpointer="shift-super-left"/>
<include xmlns="http://www.w3.org/2001/XInclude" href="shell-keyboard-shortcuts.page" xpointer="shift-super-right"/>
<keyseq><key>Alt</key><key>F10</key></keyseq> немесе <keyseq><key>Super</key><key>↑</key></keyseq>
Терезені <link xref="shell-windows-maximize">жайып жіберу</link>. Жайылған терезені бастапқы өлшеміне қайтару үшін <keyseq><key>Alt</key><key>F10</key></keyseq> немесе <keyseq><key>Super</key><key>↓</key></keyseq> басыңыз.
<keyseq><key>Super</key><key>H</key></keyseq>
Терезені жинап қою.
<keyseq><key>Super</key><key>←</key></keyseq>
Терезені экранның сол жақ жиегі бойымен вертикалды жайып жіберу. Терезені алдыңғы өлшеміне қайтару үшін қайтадан басыңыз. Жақтарды ауыстыру үшін <keyseq><key>Super</key><key>→</key></keyseq> басыңыз.
<keyseq><key>Super</key><key>→</key></keyseq>
Терезені экранның оң жақ жиегі бойымен вертикалды жайып жіберу. Терезені алдыңғы өлшеміне қайтару үшін қайтадан басыңыз. Жақтарды ауыстыру үшін <keyseq><key>Super</key><key>←</key></keyseq> басыңыз.
<keyseq><key>Alt</key><key>Бос орын</key></keyseq>
Терезе мәзірін оның тақырып жолағын оң жақ батырмамен шерткендей ашу.
</page>