<?xml version="1.0" encoding="utf-8"?>
<page xmlns="http://projectmallard.org/1.0/" xmlns:its="http://www.w3.org/2005/11/its" type="topic" style="problem" id="net-wireless-noconnection" xml:lang="kk">
<info>
<link type="guide" xref="net-wireless"/>
<revision pkgversion="3.4.0" date="2012-02-19" status="outdated"/>
<revision pkgversion="3.10" version="0.2" date="2013-11-11" status="review"/>
<revision pkgversion="3.18" date="2015-09-28" status="final"/>
<credit type="author">
<name>Phil Bull</name>
<email>philbull@gmail.com</email>
</credit>
<desc>Парольді қайта тексеріңіз және басқа да әдістерді қолданып көріңіз.</desc>
<include xmlns="http://www.w3.org/2001/XInclude" href="legal.xml"/>
</info>
Егер <link xref="net-wireless-wepwpa">сымсыз парольді</link> дұрыс енгізгеніңізге сенімді болсаңыз, бірақ әлі де сымсыз желіге сәтті қосыла алмасаңыз, келесілердің кейбірін орындап көріңіз:
<list>
<item>
Парольдің дұрыстығын қайта тексеріңіз
Парольдер регистрге сезімтал (үлкен немесе кіші әріптердің болуы маңызды), сондықтан әріптердің бірінің регистрінен қателеспегеніңізді тексеріңіз.
</item>
<item>
Он алтылық немесе ASCII кілттік фразасын қолданып көріңіз
Сіз енгізген пароль басқаша да көрсетілуі мүмкін — он алтылық жүйедегі (0-9 сандары және a-f әріптері) таңбалар тізбегі ретінде, оны кілттік фраза деп атайды. Әрбір парольдің баламалы кілттік фразасы болады. Егер сізде парольмен/кілттік фразамен қатар кілтке қол жеткізу мүмкіндігі болса, оның орнына кілтті теріп көріңіз. Пароль сұралғанда дұрыс <gui>сымсыз қауіпсіздік</gui> опциясын таңдағаныңызға көз жеткізіңіз (мысалы, WEP-пен шифрланған байланыс үшін 40 таңбалы кілтті теріп жатсаңыз, <gui>WEP 40/128-биттік кілт</gui> таңдаңыз).
</item>
<item>
Сымсыз картаны өшіріп, қайта іске қосып көріңіз
Кейде сымсыз карталар кептеліп қалады немесе кішігірім ақауға тап болады, бұл олардың қосылмауын білдіреді. Картаны бастапқы күйіне келтіру үшін оны өшіріп, қайта іске қосып көріңіз — қосымша ақпаратты <link xref="net-wireless-troubleshooting"/> бөлімінен қараңыз.
</item>
<item>
Сымсыз қауіпсіздіктің дұрыс түрін пайдаланып жатқаныңызды тексеріңіз
Сымсыз қауіпсіздік паролі сұралғанда, сымсыз қауіпсіздіктің қай түрін пайдалануды таңдауға болады. Роутер немесе сымсыз базалық станция пайдаланатын түрін таңдағаныңызға көз жеткізіңіз. Бұл әдетте әдепкі бойынша таңдалуы керек, бірақ кейде белгілі бір себептермен таңдалмауы мүмкін. Егер оның қайсысы екенін білмесеңіз, әртүрлі опцияларды сынап көру әдісін қолданыңыз.
</item>
<item>
Сымсыз картаңыздың дұрыс қолдау көрсетілетінін тексеріңіз
Кейбір сымсыз карталарға өте жақсы қолдау көрсетілмейді. Олар сымсыз байланыс ретінде көрінеді, бірақ желіге қосыла алмайды, себебі олардың драйверлерінде мұны істеу мүмкіндігі жоқ. Баламалы сымсыз драйверді ала алатыныңызды немесе қосымша баптауды (мысалы, басқа микробағдарламаны орнату) орындау қажеттігін тексеріңіз. Қосымша ақпаратты <link xref="net-wireless-troubleshooting"/> бөлімінен қараңыз.
</item>
</list>
</page>