<?xml version="1.0" encoding="utf-8"?>
<page xmlns="http://projectmallard.org/1.0/" type="topic" style="task" id="files-sort" xml:lang="kk">
<info>
<link type="guide" xref="files#common-file-tasks"/>
<revision pkgversion="3.6.0" version="0.2" date="2012-09-25" status="review"/>
<revision pkgversion="3.13.92" date="2014-09-22" status="review"/>
<revision pkgversion="3.18" date="2015-09-29" status="final"/>
<revision version="gnome:45" date="2024-03-04" status="final"/>
<credit type="author">
<name>Phil Bull</name>
<email>philbull@gmail.com</email>
</credit>
<credit type="author">
<name>Джим Кэмпбелл</name>
<email>jwcampbell@gmail.com</email>
</credit>
<credit type="editor">
<name>Michael Hill</name>
<email>mdhillca@gmail.com</email>
</credit>
<include xmlns="http://www.w3.org/2001/XInclude" href="legal.xml"/>
<desc>Файлдарды аты, өлшемі, түрі немесе олардың өзгертілген уақыты бойынша реттеңіз.</desc>
</info>
Бумадағы файлдарды әртүрлі тәсілдермен сұрыптауға болады, мысалы, оларды күні немесе файл өлшемі бойынша сұрыптау арқылы. Файлдарды сұрыптаудың жалпы тәсілдерінің тізімін төмендегі <link xref="#ways"/> бөлімінен қараңыз. Әдепкі сұрыптау ретін қалай өзгерту керектігі туралы ақпаратты <link xref="nautilus-views"/> бөлімінен қараңыз.
Файлдарды сұрыптау тәсілі сіз қолданып отырған бума көрінісіне байланысты. Саймандар панеліндегі тізім/тор батырмасын қолданып ағымдағы көріністі өзгертуге болады.
Файлдарды басқа ретпен сұрыптау үшін саймандар панеліндегі көрініс опциялары батырмасын шертіп, <gui>А-Я</gui>, <gui>Я-А</gui>, <gui>Соңғы өзгертілген</gui>, <gui>Алғаш өзгертілген</gui>, <gui>Өлшемі</gui> немесе <gui>Түрі</gui> таңдаңыз.
Мысалы, <gui>А-Я</gui> таңдасаңыз, файлдар аты бойынша алфавиттік ретпен сұрыпталады. Басқа опциялар үшін <link xref="#ways"/> қараңыз.
Файлдарды басқа ретпен сұрыптау үшін файл менеджеріндегі баған тақырыптамаларының бірін шертіңіз. Мысалы, файл түрі бойынша сұрыптау үшін <gui>Түрі</gui> шертіңіз. Кері ретпен сұрыптау үшін баған тақырыптамасын қайтадан шертіңіз.
Көбірек сұрыптау опциялары үшін саймандар панеліндегі көрініс опциялары батырмасын шертіңіз.
Тізім көрінісінде көбірек атрибуттары бар бағандарды көрсетуге және сол бағандар бойынша сұрыптауға болады. Саймандар панеліндегі көрініс опциялары батырмасын шертіп, <gui>Көрінетін бағандар…</gui> таңдаңыз және көрінуін қалайтын бағандарды таңдаңыз. Содан кейін сол бағандар бойынша сұрыптай аласыз. Қолжетімді бағандардың сипаттамаларын <link xref="nautilus-list"/> бөлімінен қараңыз.
<terms>
<item>
Файл аты бойынша алфавиттік ретпен сұрыптайды.
</item>
<item>
Файл аты бойынша кері алфавиттік ретпен сұрыптайды.
</item>
<item>
Файлдың соңғы рет өзгертілген күні мен уақыты бойынша сұрыптайды. Жаңадан ескіге қарай сұрыптайды.
</item>
<item>
Файлдың алғаш рет өзгертілген күні мен уақыты бойынша сұрыптайды. Ескіден жаңаға қарай сұрыптайды.
</item>
<item>
Файл өлшемі (қанша диск орнын алатыны) бойынша сұрыптайды. Әдепкі бойынша кішісінен үлкеніне қарай сұрыптайды.
</item>
<item>
Файл түрі бойынша алфавиттік ретпен сұрыптайды. Бірдей түрдегі файлдар біріктіріліп, содан кейін аты бойынша сұрыпталады.
</item>
</terms>
</page>