<?xml version="1.0" encoding="utf-8"?>
<page xmlns="http://projectmallard.org/1.0/" xmlns:its="http://www.w3.org/2005/11/its" type="topic" style="tip" id="backup-thinkabout" xml:lang="kk">
<info>
<link type="guide" xref="files#backup"/>
<revision pkgversion="3.4.0" date="2012-02-19" status="review"/>
<revision pkgversion="3.13.92" date="2014-09-20" status="review"/>
<revision pkgversion="3.37.1" date="2020-07-30" status="review"/>
<credit type="author">
<name>Tiffany Antopolski</name>
<email>tiffany.antopolski@gmail.com</email>
</credit>
<credit type="author">
<name>GNOME құжаттама жобасы</name>
<email>gnome-doc-list@gnome.org</email>
</credit>
<credit type="editor">
<name>Michael Hill</name>
<email>mdhillca@gmail.com</email>
</credit>
<include xmlns="http://www.w3.org/2001/XInclude" href="legal.xml"/>
<desc>Архивтегіңіз келетін құжаттарды, файлдарды және параметрлерді табуға болатын бумалар тізімі.</desc>
</info>
Қай файлдарды архивтеу керектігін шешу және олардың орналасқан жерін анықтау — архивтеуді орындау кезіндегі ең қиын қадам. Төменде сіз архивтегіңіз келетін маңызды файлдар мен параметрлердің ең көп таралған орындары көрсетілген.
<list>
<item>
Жеке файлдар (құжаттар, музыка, фотолар және видеолар)
Олар әдетте үй бумасында (<file>/home/сіздің_атыңыз</file>) сақталады. Олар <file>Жұмыс үстелі</file>, <file>Құжаттар</file>, <file>Суреттер</file>, <file>Музыка</file> және <file>Видеолар</file> сияқты ішкі бумаларда болуы мүмкін.
Егер архивтеу тасушысында жеткілікті орын болса (мысалы, сыртқы қатты диск болса), бүкіл үй бумасын архивтеуді қарастырыңыз. Үй бумаңыздың қанша диск орнын алатынын <app>Диск қолданылуын талдаушы</app> арқылы білуге болады.
</item>
<item>
Жасырын файлдар
Нүктеден (.) басталатын кез келген файл немесе бума атауы әдепкі бойынша жасырылады. Жасырын файлдарды көру үшін <app>Файлдар</app> терезесінің бүйірлік панеліндегі мәзір батырмасын басып, <gui>Жасырын файлдарды көрсету</gui> таңдаңыз немесе <keyseq><key>Ctrl</key><key>H</key></keyseq> басыңыз. Сіз оларды кез келген басқа файл сияқты архивтеу орнына көшіре аласыз.
</item>
<item>
Жеке параметрлер (жұмыс үстелінің қалаулары, тақырыптар және бағдарламалық қамтама параметрлері)
Көптеген бағдарламалар өз параметрлерін үй бумасындағы жасырын бумаларда сақтайды (жасырын файлдар туралы ақпаратты жоғарыдан қараңыз).
Бағдарлама параметрлерінің көбі үй бумасындағы <file>.config</file> және <file>.local</file> жасырын бумаларында сақталады.
</item>
<item>
Жүйелік параметрлер
Жүйенің маңызды бөліктеріне арналған параметрлер үй бумасында сақталмайды. Олар сақталуы мүмкін бірнеше орын бар, бірақ олардың көбі <file>/etc</file> бумасында сақталады. Жалпы алғанда, үй компьютерінде бұл файлдарды архивтеудің қажеті болмайды. Дегенмен, егер сіз серверді басқарып отырсаңыз, онда орындалатын сервистердің файлдарын архивтеуіңіз керек.
</item>
</list>
</page>